Евразия24ЖаңалықтарТаиланд СІМ: Камбоджа атысты тоқтату туралы келісімді тағы да бұзды

Таиланд СІМ: Камбоджа атысты тоқтату туралы келісімді тағы да бұзды

|

|

Гонконг. 30 шілде. ИНТЕРФАКС. Таиландтың Сыртқы істер министрлігі Камбоджа қарулы күштерін Таиланд әскери бөлімшелеріне түнгі уақытта шабуыл жасағаны үшін айыптады. Бұл туралы Bangkok Post басылымы хабарлады.

«Бұл — атысты тоқтату режимін ашық түрде бұзу», — делінген министрліктің мәлімдемесінде.

Таиланд СІМ ақпаратына сәйкес, камбоджалық әскери қызметкерлер Сисакет провинциясындағы шекара маңында Таиланд әскери күштеріне шабуыл жасап, атыс қаруы мен гранаталарды қолданған. Қарулы қақтығыстар сәрсенбі күні таңға дейін жалғасқан.

Сонымен қатар Бангкокта Таиланд армиясы жағдайды бақылауда ұстап отырғанын және жергілікті уақытпен таңғы сағат 8:00-ден (Мәскеу уақыты бойынша 4:00) бастап шекарадағы ахуал тұрақталғанын мәлімдеді.

Осыған дейін де Таиланд Қарулы күштері дүйсенбі күні жарияланған атысты тоқтату режиміне қарамастан, Камбоджа тарапынан шабуылдар жалғасып жатқанын хабарлаған болатын.

Екі елдің қарулы күштері сейсенбі күні атысты тоқтату туралы келісімді жүзеге асыру жөніндегі келіссөздерді бастаған. Bangkok Post деректеріне сәйкес, тараптар шекарада әскер орналастырудан уақытша бас тарту жөнінде уағдаласты. Таиланд армиясының ресми өкілі Винтай Суваридің айтуынша, келіссөздер барысында тараптар атысты уақытша тоқтату, мобилизацияны доғару және төтенше жағдайлар кезінде байланыс арналарын ашу туралы келісімге келген.

24 шілде күні таңертең Таиланд пен Камбоджа шекарасында камбоджалық мина жарылысы салдарынан бес таиланд әскери қызметшісінің жарақаттануына байланысты қарулы қақтығыстар басталған. Екі тарап та жанжалды бір-бірінен көріп, айыптап отыр.

Екі ел арасындағы қарым-қатынас мамыр айында камбоджалық әскери қызметкер даулы аумақтағы атыс кезінде қаза тапқаннан кейін ушыға түскен. Аталған аумақты екі ел де өз иелігі санайды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.