Евразия24ЖаңалықтарТегеран ислам елдерін Израильмен қарым-қатынасты үзуге шақырды

Тегеран ислам елдерін Израильмен қарым-қатынасты үзуге шақырды

|

|

ДУБАЙ. 17 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Исмаил Бағаи ислам елдерін Израильмен барлық қарым-қатынасты тоқтатуға және Тель-Авивтің “соғысқа итермелеу саясатын” айыптауға шақырды. Бұл жөнінде Tasnim агенттігі хабарлады.

«Ислам елдері осы бастамаларға қосылып, Израильдің қылмысы мен агрессияшыл саясатына нақты түрде қарсы ұстаным танытуы керек», — деп мәлімдеді ол.

Иран СІМ өкілінің айтуынша, Тегеран барлық елдерді, әсіресе аймақтағы мемлекеттерді Израильмен байланысты үзуге үндейді. Ол Тель-Авивпен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру әрекеттері Израиль жасаған зорлық-зомбылық пен басқыншылықты заңдастырумен тең екенін айтты.

Айта кетейік, 9 қыркүйекте Израиль Доха қаласында орналасқан ХАМАС қозғалысы жетекшілерінің кеңсесіне соққы берген. Палестиналық топтың мәлімдеуінше, ұйым басшылығының негізгі мүшелері аман қалғанымен, шабуыл салдарынан алты адам қаза тапқан, олардың қатарында ХАМАС-тың негізгі мәмілегері Халиль әл-Хайяның ұлы да болған.

Дохадағы бұл соққыны көптеген мемлекет, соның ішінде бірқатар мұсылман елдері айыптады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.