Евразия24ЖаңалықтарТокаев Геннадий Головкиннің бокс саласындағы еңбегін мемлекеттік орденмен марапаттады

Токаев Геннадий Головкиннің бокс саласындағы еңбегін мемлекеттік орденмен марапаттады

|

|

АСТАНА. 25 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық World Boxing федерациясының басшысы болып сайланған Геннадий Головкиннің отандық және әлемдік боксты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

“Сіз жаһандық спорттың дамуына зор үлес қостыңыз, қазақ боксы мектебінің бай дәстүрін лайықты түрде таныттыңыз әрі Қазақстанның бокс державасы ретінде мойындалуына ықпал еттіңіз”, – деді Мемлекет басшысы сәрсенбі күні Головкинмен кездесуде. Бұл жөнінде Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Головкиннің Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті ретіндегі қызметін де жоғары бағалады.

“Сіз барлық спорт түрлері бойынша ұлттық федерациялармен белсенді жұмыс істеп, қысқа уақыт ішінде үлкен еңбек атқардыңыз. Халықаралық Олимпиада комитетімен де жемісті ынтымақтастық орната алдыңыз”, – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы Головкиннің World Boxing ұйымы президенті ретінде енді маңызды міндеттерді атқаратынын атап өтті.

“Қазір Сіздің спорттық мансаптағы жаңа кезеңіңіз басталды. Сіз жаңа халықаралық бокс федерациясы – World Boxing-тің президенті болып сайландыңыз. Бұл – ауқымды жұмыс, үлкен жауапкершілік. Қазақстан өкілі алғаш рет жаһандық спорттық құрылымды басқарғалы отыр. Сіздің кәсіби көзқарасыңыз бұл ұйымды жаңа деңгейге көтеріп, бокс дамуының жаңа көкжиектерін ашады деп сенемін”, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді отандық спортқа сіңірген айрықша еңбегі үшін “Барыс” І дәрежелі орденімен марапаттады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...