Евразия24ЖаңалықтарТоқаев ЕАЭО аясында жүк ағындарын жасанды интеллект негізінде басқару жүйесін құруды ұсынды

Тоқаев ЕАЭО аясында жүк ағындарын жасанды интеллект негізінде басқару жүйесін құруды ұсынды

|

|

Астана. 31 желтоқсан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерді бірыңғай көлік қаңқасын қалыптастыруда күш біріктіруге шақырды.

Мемлекет басшысы ЕАЭО елдерінің басшыларына жолдаған үндеуінде одақ шеңберінде жасанды интеллектке негізделген жүк ағындарын басқарудың интеграцияланған жүйесін құруды ұсынды. Оның айтуынша, мұндай платформа жеткізу мерзімдерін қысқартып, қаржылық шығындарды азайтуға, сондай-ақ еуразиялық көлік дәліздерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Президент бірыңғай көлік қаңқасын қалыптастырып, оны жаһандық жеткізу тізбектеріне кіріктіру қажет екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО-ның Шығыс пен Батыс, Солтүстік пен Оңтүстікті жалғайтын геосаяси және экономикалық көпір ретіндегі бірегей транзиттік әлеуетке ие екенін айтты. Оның сөзінше, осы әлеуетті нақты көшбасшылыққа айналдыру үшін көлік-логистикалық және кеден инфрақұрылымын жедел жаңғырту, халықаралық көлік дәліздері мен мультимодальды тасымалдарды дамыту, сондай-ақ ЕАЭО елдерінің логистикалық компаниялары мен үшінші елдердегі серіктестер арасындағы кооперацияны күшейту қажет.

Президент зияткерлік жүйелерді енгізу мен үлкен деректерді пайдалануға ерекше назар аудару керектігін атап өтті. Бұл, оның айтуынша, артық рәсімдер мен бюрократиялық кедергілерсіз жүктің ЕАЭО елдерінің аумағы арқылы барынша жылдам қозғалатын «үздіксіз» логистика жүйесін қалыптастыруға жол ашады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстанның бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. Атап айтқанда, Smart Cargo пилоттық жобасы іске қосылған, құжат айналымы электрондық форматқа көшірілуде. Президенттің сөзінше, бұл платформа ЕАЭО елдеріндегі серіктестердің жүйелерімен ықпалдасуға да ашық.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...