Евразия24ЖаңалықтарТоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

|

|

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың өткенн қайғымен өмір сүрмеуі керектігін айтып, қазақстандықтарды заман талабына сай дамуға шақырды.

«Қазақ халқының тарихында ауыр әрі қасіретті кезеңдер аз емес екені белгілі. Бірақ қазіргі уақытта бұл тақырыпқа қайта-қайта оралып, оны үнемі қайғыға айналдырудың қажеті жоқ. Халқымыз болашаққа сеніммен қарап, өз өмірін прогресс талаптарына сай бейімдеуі тиіс», – деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, өткеннің мұңымен өмір сүретін халық табысқа жете алмайды.

«Қандай қиындық болса да, біз тек алға ұмтылуымыз керек. Халқымыздың тарихи тағдыры өз қолымызда. Біз үшін Қазақстаннан басқа Отан жоқ. Шынын айтқанда, еліміздің дамуы мен өркендеуі бізден басқа ешкімге қажет емес. Сондықтан қазіргі буын жарқын болашақ үшін бар күш-жігерін жұмсауы тиіс», – деп атап өтті мемлекет басшысы.

Тоқаев жастарды технология мен ғылымға тартудың маңызын да ерекше айтты. Оның пікірінше, дәл осы техника мен озық технологиялар, соның ішінде жасанды интеллект, қазіргі мемлекет дамуының негізгі қозғаушы күші болып табылады.

«Біз біртұтас ұлт ретінде біріге алсақ, бұл тарихи жолда міндетті түрде жеңіске жетеміз. Бұл – біздің басты міндетіміз, біздің миссиямыз», – деп түйіндеді президент.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

АҚШ қор нарығы төмендеп жатыр

Жұма күнгі сауда-саттықтың басында АҚШ қор индекстері төмендеуде. Инвесторлардың назарында үшінші аптаға жалғасқан Таяу Шығыстағы қақтығыс және оның энергетикалық нарықтарға ықпалы қалып отыр.

Иранның ымыраға келуі өңірде бейбіт қатар өмір сүруге жол ашуы мүмкін

Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро Тегеран өңірде бейбітшілікке қол жеткізу үшін «елеулі ымыраға барып» және «ұстанымын түбегейлі өзгертуі» қажет екенін мәлімдеді.

Тоқаев пен Путин Ресей президентінің мамыр айының соңына жоспарланған мемлекеттік сапарының маңызын атап өтті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесу барысында екіжақты қатынастардың күн тәртібін талқылады.