Евразия24ЖаңалықтарТоқаев Қазақстан мұсылмандарын Рамазан айының басталуымен құттықтады

Тоқаев Қазақстан мұсылмандарын Рамазан айының басталуымен құттықтады

|

|

Астана. 19 ақпан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарын барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Құттықтауында Мемлекет басшысы бұл кезең рухани тазару, адамгершілік тұрғыдан кемелдену, мейірім мен жанашырлық таныту уақыты екенін атап өтті. Ораза адам бойында сабыр мен төзімділікті қалыптастырып, кішіпейілділік, жауапкершілік және адалдық сияқты ізгі қасиеттерді нығайтатынын жеткізді.

«Қазақстан мәні жағынан тарихи трансформация мен жаңғыру кезеңіне қадам басты. Жалпыұлттық референдумға жаңа халықтық Конституция жобасы ұсынылды. Бұл — мемлекетіміздің дамуын прогресс пен әділеттілік жолына бағыттайтын Негізгі заң. Құжат көпғасырлық мемлекеттілігімізді нығайтуды, саяси, азаматтық және экономикалық институттардың тиімділігін арттыруды көздейді, сондай-ақ адам құқықтарын қорғауға бағытталған», — деді Президент.

«Дәстүрлі рухани және мәдени құндылықтарды сақтап, оларды қолдай отырып, біз құқық үстемдігі мен заңдылық, тәртіп пен тазалық, әділеттілік пен отаншылдық сияқты қоғамдық қағидаттарды дұрыс қабылдайтын жаңа ұлттық дүниетанымды қалыптастырып келеміз. Бұл ұстанымдардың барлығы қасиетті Рамазан айының мәңгілік құндылықтарымен үндес. Білімге, тазалыққа және ізгі ниетке негізделген өркениетті қоғамда Рамазан айы жаңа рухани мәнге ие болып, игі ниетті азаматтардың бәріне оң ықпалын тигізеді», — деп атап өтті Тоқаев.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Израиль Йеменнен ұшырылған бірнеше дронды жойды

Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) мәліметінше, дүйсенбі күні Йемен аумағынан елдің оңтүстігіндегі Эйлат бағытына дрондар ұшырылған, олардың бір бөлігі жойылды, деп хабарлайды The Times of Israel.

Катар СІМ басшысы су және энергетика инфрақұрылымына соққы жасау қаупі туралы ескертті

Катар Премьер-министрі әрі сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман бен Жассем Әл Тани Таяу Шығыс өңірінде азық-түлік, сумен жабдықтау және энергетикаға қатысты инфрақұрылым нысандарына шабуыл жасауға жол берілмейтінін мәлімдеді.

Ирандағы соғыс қаржы нарықтарының нашарлауына әкелуі мүмкін

JPMorgan Chase & Co. бас директоры Джейми Даймон Ирандағы соғыс салдарынан мұнай мен басқа да шикізат бағасының өсуі инфляцияның жеделдеуіне және пайыздық мөлшерлемелердің көтерілуіне алып келуі мүмкін екенін ескертті.

ҚМА басшысы Тоқаевқа ондаған миллиард теңгеге қатысты заңбұзушылықтар мен жымқыру деректері туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) төрағасы Жанат Элимановтың ағымдағы қызметі мен алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.