Евразия24ЖаңалықтарТоқаев Қазақстанда көші-қонды бақылау жүйесін цифрландыруды жеделдетуді тапсырды

Тоқаев Қазақстанда көші-қонды бақылау жүйесін цифрландыруды жеделдетуді тапсырды

|

|

Астана. 26 қаңтар. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне елдегі көші-қон есебін жүргізу үдерістерін кешенді түрде цифрландыруды жеделдетуді тапсырды.

«Көші-қонды реттеу саласында толық цифрландыру жүргізу қажет. Бұл – біз көптен бері айтып келе жатқан аса өзекті мәселе, алайда оң өзгерістер әзірге мардымсыз», – деді Мемлекет басшысы Бас прокуратурада өткен кеңесте. Президенттің сөзін оның баспасөз қызметі келтірді.

Мемлекет басшысы әлемде көші-қон ағындарының артып келе жатқанын атап өтіп, мұндай жағдайда Қазақстан транзиттік хаб ретінде де, шетелдік мигранттардың ұзақ мерзімге келіп тұрақтауы үшін тартымды ел ретінде де ерекшеленетінін айтты.

«Осыған байланысты шетел азаматтарының уақытша есебін жүргізу және олардың қозғалысын бақылау жүйелерін жаңғырту көші-қонды тиімді бақылауды қамтамасыз етудегі басым міндетке айналып отыр. Үкіметке ҰҚК-мен бірлесіп, бұл бағыттағы жұмысты жеделдетуді тапсырамын», – деді Президент.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...