Евразия24ЖаңалықтарТоқаев қазақстандықтарды су айдындарын тазалау экологиялық акциясына қатысуға шақырды

Тоқаев қазақстандықтарды су айдындарын тазалау экологиялық акциясына қатысуға шақырды

|

|

Астана. 23 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарды «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына қатысып, су айдындарының жағалауын тазалауға шақырды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

«Құрметті отандастар! “Тазару күні” аясында еліміз бойынша ауқымды экологиялық акция басталды. Бұл – “Таза Қазақстан” жалпыұлттық жобасын іске асырудың жаңа кезеңі. Енді “Мөлдір бұлақ” бастамасы жүзеге асырылады. Оның аясында табиғи бұлақтар, жағалау аймақтары мен су айдындары тазаланады. Сонымен қатар ағаш отырғызу, аулалар мен саябақтарды абаттандыру жұмыстары жалғасады», – делінген президент үндеуінде.

Тоқаевтың айтуынша, «Тазару күні» – Наурызнама онкүндігіндегі ерекше күндердің бірі.

«Қоғамның жаңаруы табиғаттың жаңаруымен үндесіп отыр. Мұндай сәйкестік бәрімізді Отан игілігі үшін еңбек етуге шабыттандырады», – деді мемлекет басшысы.

Президент жаңа Конституцияда азаматтардың табиғатқа ұқыпты қарауы негізгі қағидаттардың бірі ретінде бекітілгенін атап өтті.

«“Таза Қазақстан” тұжырымдамасының мәні – тек көшелер мен аулалардың тазалығы ғана емес, ел игілігі жолындағы ой-ниетіміздің тазалығы», – деді ол.

Тоқаев соңғы уақытта қазақстандықтардың экологиялық мәдениеті артып, ресурстарды ұтымды тұтынуға көбірек көңіл бөліп жатқанын айтты.

«Осыған байланысты баршаңызды тазалық пен тәртіп эстафетасына қатысуға шақырамын», – деп түйіндеді президент.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Спорт – экономикалық дамудың маңызды факторы. 2-бөлім

ДШС және адами капиталдың сапасы Осылайша, әлемдік тәжірибе мемлекеттің, бизнестің...

Израиль әуе күштері Тегеранда ядролық зерттеу орталығына соққы жасады – ЦАХАЛ

Израиль әскери-әуе күштері сенбі күні Тегеран қаласындағы ядролық зерттеулер мен әзірлемелерге арналған стратегиялық нысанға соққы жасады.

Иран әскери операция басталғалы бері Израильге 400 баллистикалық зымыран ұшырған – ЦАХАЛ

Иран америкалық-израильдік әскери операция басталғалы бері Израиль аумағына 400 баллистикалық зымыран ұшырды, олардың 92%-ы атып түсірілген.

Иран Ормуз бұғазын тек өз қарсыластары үшін жапқанын мәлімдеді

Иран Ормуз бұғазы арқылы қозғалысты толықтай тек елдің қарсыластарына қатысты кемелер үшін ғана шектегенін мәлімдеді.