Евразия24ЖаңалықтарТоқаев Қытайдың CRRC компаниясымен локомотив өндірісін Қазақстанда орналастыру перспективаларын талқылады

Тоқаев Қытайдың CRRC компаниясымен локомотив өндірісін Қазақстанда орналастыру перспективаларын талқылады

|

|

Астана. 2 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев China Railway Rolling Stock Corporation (CRRC) директорлар кеңесінің төрағасы Сунь Юнцаймен кездесіп, локомотивтер жеткізу және олардың өндірісін Қазақстанда локализациялау мәселелерін талқылады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Президенттің айтуынша, 2023 жылғы қазан айында Қытайға жасаған сапарынан кейін CRRC компаниясымен өзара іс-қимыл жаңа деңгейге шыққан. Екіжақты келіссөздер нәтижесінде ұлттық оператор «Қазақстан темір жолы» АҚ үшін 100 магистральдық және 100 маневрлік тепловоз сатып алу жөнінде келісімге қол жеткізілді.

Сонымен қатар, Тоқаевтың айтуынша, жақын арада ҚТЖ тағы 270 гибридті маневрлік тепловоз сатып алуды жоспарлап отыр.

«Мемлекет басшысы бұл келісімдердің табысты жүзеге асатынына сенім білдіріп, серіктестіктің келесі кезеңіне – өндірісті локализациялау мен қызмет көрсету орталықтарын құруға көшудің маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, бұл қадам отандық машина жасау саласын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және теміржол инфрақұрылымын жедел техникалық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.

CRRC Group – Қытайдың мемлекеттік холдингтік компаниясы. Жыл сайын бұл кәсіпорын 2 мыңнан астам локомотив, 3 мың жолаушы вагоны, 50 мың жүк вагоны және 11 мыңға жуық қалалық көлік құралдарын шығарады. Компания өнімдері әлемнің 100-ден астам еліне экспортталады.

Қазақстан аталған компаниядан Астанадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасы үшін жылжымалы құрам сатып алуда. Қазіргі таңда екі пойыз жеткізілді, барлығы 19 құрам алу жоспарланып отыр.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.