Евразия24ЖаңалықтарТоқаев ШЫҰ аясында Су мәселелерін зерттеу орталығын Қазақстанда құруды ұсынды

Тоқаев ШЫҰ аясында Су мәселелерін зерттеу орталығын Қазақстанда құруды ұсынды

|

|

Астана, 1 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) аясында Су мәселелерін зерттеу орталығын Қазақстан аумағында құру туралы бастама көтерді, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«ШЫҰ аясында Су мәселелерін зерттеу орталығын Қазақстанда құруды ұсынамыз», – деді Президент Тоқаев Қытайдың Тяньцзинь қаласында өткен ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында.

Мемлекет басшысы климаттық сын-қатерлердің шекара танымайтынын және көптеген елдерге зиян келтіріп жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ ол құрғақшылық, шөлейттену, су көздерінің тартылуы, мұздықтардың еруі және басқа да экологиялық қауіптермен күресу үшін бірлескен стратегиялар әзірлеудің маңыздылығына тоқталды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...