Евразия24ЖаңалықтарТоқаев теңізге шыға алмайтын елдердің басшыларын 2026 жылғы сәуірде Астанада өтетін экологиялық...

Тоқаев теңізге шыға алмайтын елдердің басшыларын 2026 жылғы сәуірде Астанада өтетін экологиялық саммитке шақырды

|

|

 

АСТАНА. 5 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев климаттың өзгеруінен туындайтын проблемаларды шешу үшін үйлестірілген өңірлік әрекеттер мен халықаралық қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

«Көптеген теңізге шыға алмайтын дамушы елдер (ТШДЕ) су тапшылығы, мұздықтардың еруі, шөлейттену және өзге де ауа райының төтенше құбылыстарына тап болуда. Бұл мәселелерді шешу өңірлік деңгейде үйлестірілген күш-жігер мен халықаралық қолдауды талап етеді. Сонымен қатар, климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл шаралары теңгерімді, инклюзивті болуы және елдердің дамуға қатысты орынды қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс деп санаймын», – деді Президент БҰҰ-ның Теңізге шыға алмайтын дамушы елдерге арналған үшінші конференциясында (Аваза, Түрікменстан).

«Климаттық өзгерістерге қарсы күрестегі күш-жігерімізді нығайту мақсатында келесі жылы сәуір айында Астанада Біріккен Ұлттар Ұйымымен серіктестікте өтетін Өңірлік экологиялық саммитке сіздерді шақырамын», – деді Қ. Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан осыдан 20 жылдан астам уақыт бұрын теңізге шыға алмайтын елдер бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының алғашқы конференциясын өткізу арқылы бұл үдеріске белсенді түрде жетекшілік ете бастаған. Сол тарихи оқиға барысында ТШДЕ проблемаларын алғаш рет жаһандық даму күн тәртібіне енгізген Алматы іс-қимыл бағдарламасы қабылданған болатын.

«Бүгін біз Авазада кездесіп, алда тұрған міндеттерді шешу бағытында жаңа серпін беретін қадамдар жасауымыз керек», – деп атап өтті Президент.

Тоқаевтың айтуынша, теңізге тікелей шығу мүмкіндігі жоқ 32 дамушы елде 500 миллионнан астам адам тұрады. Бұл елдердің басым бөлігі әлі күнге дейін қаржыландыру, технологиялар және жаһандық нарықтарға қол жеткізу бойынша айтарлықтай қиындықтарға кезігуде.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.