Евразия24ЖаңалықтарТоқаев Трамптың саяси ұстанымдарын қолдайтынын мәлімдеді

Тоқаев Трамптың саяси ұстанымдарын қолдайтынын мәлімдеді

|

|

Астана. 7 қараша. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық саясаттағы АҚШ Президенті Дональд Трамптың рөлін атап өтіп, оны көрнекті мемлекет қайраткері деп атады.

«Сіздің парасатты әрі батыл саясаттарыңыз әлемде кең қолдауға лайық деп санаймын және мен бұл бағыттағы көзқарастарыңызды бөлісемін», – деді Тоқаев Вашингтонда өткен «Орталық Азия – АҚШ» саммитінде сөйлеген сөзінде. Президенттің сөздері оның баспасөз қызметінің хабарламасында келтірілген.

«Сіздің басшылығыңызбен Америка жаңа «алтын дәуірге» қадам басуда. Мен Сіздің «Американы қайтадан ұлы мемлекетке айналдыру» (Making America Great Again) жөніндегі алыс көздеген стратегияңызды жоғары бағалаймын. Бұл идеология мені «Заң және Тәртіп» қағидасына негізделген Әділетті әрі Күшті Қазақстан құрудың кең ауқымды бағытын жүзеге асыруға жігерлендіреді», – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев сонымен қатар: «Сіз бейбітшілікті қолдаушы Президент ретінде сегіз ай ішінде сегіз соғысты тоқтатуға ықпал еттіңіз. Бұл Америка Құрама Штаттарының халықаралық тұрақтылықтың тірегі ретіндегі рөлін айтарлықтай күшейтті», – деп атап өтті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...