Евразия24ЖаңалықтарТрамп АҚШ-тың 66 халықаралық ұйымнан шығуы туралы меморандумға қол қойды

Трамп АҚШ-тың 66 халықаралық ұйымнан шығуы туралы меморандумға қол қойды

|

|

Вашингтон. 8 қаңтар. ИНТЕРФАКС – АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонның 66 халықаралық ұйымнан шығуын көздейтін меморандумға қол қойды. Бұл туралы Ақ үй хабарлады.

Құжатқа сәйкес, атқарушы биліктің барлық департаменттері мен агенттіктеріне Біріккен Ұлттар Ұйымына кірмейтін 35 ұйыммен, сондай-ақ АҚШ-тың ұлттық мүдделеріне, қауіпсіздігіне, экономикалық әл-ауқатына немесе егемендігіне қайшы әрекет етеді деп танылған БҰҰ-ның 31 құрылымымен ынтымақтастықты және оларды қаржыландыруды тоқтату міндеттеледі.

Ақ үйдің мәлімдеуінше, бұл шешім «АҚШ-тың басымдықтарына нұқсан келтіретін жаһандық бағыттағы мүдделерді ілгерілететін немесе маңызды мәселелерді тиімсіз әрі орынсыз шешетін ұйымдарға америкалық салық төлеушілердің қаражатын жұмсауды және қатысуын тоқтатуға» бағытталған.

Алайда Ақ үй сайтында жарияланған хабарламада аталған ұйымдардың нақты тізімі келтірілмеген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...