Евразия24ЖаңалықтарТрамп есірткі картельдеріне қарсы құрлықтағы операцияларды бастауға ниетті

Трамп есірткі картельдеріне қарсы құрлықтағы операцияларды бастауға ниетті

|

|

Вашингтон. 9 қаңтар. ИНТЕРФАКС – АҚШ президенті Дональд Трамп есірткі трафигімен күрес аясында алдағы уақытта құрлықта әрекет ету кезеңіне өтетінін мәлімдеді.

Fox News телеарнасына берген сұхбатында ол теңіз бағыттары арқылы тасымалданатын есірткінің негізгі бөлігі бұғатталғанын атап өтті. «Біз теңіз арқылы жеткізілетін есірткінің басым бөлігін тоқтаттық. Енді келесі қадам – құрлықтағы картельдерге қарсы шаралар», – деді АҚШ президенті.

Трамп бұл әрекеттердің нақты қашан және қай өңірлерде жүзеге асырылатынын нақтыламады.

Сонымен қатар ол Мексикадағы ахуалға тоқталып, елдегі ықпалдың едәуір бөлігі қылмыстық топтардың қолында екенін айтты. Оның пікірінше, бұл жағдай алаңдаушылық туғызады.

CNN телеарнасының хабарлауынша, бұған дейін Дональд Трамп Мексика президенті Клаудия Шейнбауммен сөйлесу барысында есірткі картельдеріне қарсы күресте АҚШ әскери күштерінің көмегін ұсыну мүмкіндігін де талқылаған.

Өз кезегінде, Клаудия Шейнбаум АҚШ-тың Венесуэладағы операциясынан кейін журналистерге берген мәлімдемесінде басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласуға жол берілмейтінін атап өткен болатын.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...