Евразия24ЖаңалықтарТрамп Еуропаны ресейлік мұнайдан бас тартуға тағы да шақырды

Трамп Еуропаны ресейлік мұнайдан бас тартуға тағы да шақырды

|

|

 

Вашингтон. 21 қыркүйек. ИНТЕРФАКС. АҚШ Президенті Дональд Трамп Еуропа елдерін Ресейден мұнай сатып алуды тоқтатуға тағы да үндеді. Оның пайымынша, ресейлік мұнайдың нарықтағы бағасының төмендеуі Украинадағы қақтығысты тоқтатуға ықпал етуі мүмкін.

«Еуропалықтар Ресейден мұнай сатып алып жатыр, бірақ бұлай болмауы керек, солай ма?» – деді Трамп сенбі күні Вирджиния штатындағы Маунт-Вернон қаласында өткен кешкі аста.

Ол сол жиында қатысып отырған АҚШ-тың НАТО жанындағы тұрақты өкілі Мэт Уитакерге жүгініп, Еуропаға қосымша қысым жасауды тапсырды.

«Олар Ресейден мұнай сатып алуды доғару керек (…), Мэт, оларға осыны айтып қой. Мэт енді мұндайға жол бермейді», – деді Трамп.

АҚШ президенті елдегі мұнай өндіру көлемін арттыратынын айтып, бұл қадам нарықтағы бағаны төмендетуге ықпал ететінін жеткізді. Оның айтуынша, мұнай бағасының аз да болса арзандауы Украинаның айналасындағы жағдайдың реттелуіне әсер етуі мүмкін.

Трамп бұған дейін де ресейлік мұнай сатып алушыларға қарсы санкцияны қатаңдатуға дайын екенін мәлімдеген болатын. Ол бұл бағытта алдымен Еуропаның нақты қадамдарға баруын талап еткен.

Ал Уитакер бұған дейін Fox News арнасына берген сұхбатында: «Егер Еуропа өзі Ресейден мұнай сатып алуды жалғастыра беретін болса, онда АҚШ-тың бірінші болып санкция енгізуін талап етуге ешқандай құқығы жоқ», – деп мәлімдеген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Данияда парламент сайлауына арналған дауыс беру басталды

Сейсенбі күні Дания азаматтары парламент – Фолькетингтің жаңа құрамын сайлау үшін дауыс беруде, деп хабарлайды еуропалық БАҚ.

Еуроодақта ақпанда автокөлік сатылымы 1,4%-ға артты

Еуропалық одақта ақпан айында автокөлік сатылымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4%-ға өсті.

Вьетнамда жанармай тапшылығына байланысты ішкі рейстер қысқартылады

Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан жанармай тапшылығы мен оның бағасының өсуіне байланысты Вьетнамның бірнеше әуе компаниясы бірқатар ішкі бағыттар бойынша рейстерді уақытша тоқтатады

Иранның энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққылар жасалды

АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранның энергетикалық секторына соққы беруді уақытша тоқтату туралы мәлімдемесіне қарамастан, елдің бірнеше энергетикалық инфрақұрылым нысандары шабуылға ұшырады.