Евразия24ЖаңалықтарТрамп ФРЖ басқармасы мүшесін алаяқтық айыбымен қызметінен босатуды талап етуде

Трамп ФРЖ басқармасы мүшесін алаяқтық айыбымен қызметінен босатуды талап етуде

|

|

 

Вашингтон. 26 тамыз. Интерфакс – АҚШ президенті Дональд Трамп Ипотекалық алаяқтыққа байланысты Федералдық резерв жүйесі (ФРЖ) басқармасы мүшесі Лиза Кукты қызметінен босату туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

«Мен сізді атқарып отырған қызметіңізден кетуге жеткілікті негіз бар деген қорытындыға келдім», – деп жазды Трамп Кукке жолдаған хатында. Хаттың мәтіні Truth Social әлеуметтік желісінде жарияланды.

Ол: «Американ халқы ФРЖ саясатын айқындап, оған қадағалау жасайтын мүшелердің адалдығына толық сенуі тиіс», – деп түсіндірді. «Сіздің қаржы мәселесіндегі жалған әрі қылмыстық әрекеттеріңізге байланысты мұндай сенім жоқ, сондықтан сіздің адалдығыңызға мен де күмәнмен қараймын», – деді АҚШ президенті.

Трамп 20 тамызда да Truth Social-да: «Кук дереу қызметтен кетуі тиіс», – деп жазған болатын. Оның айтуынша, Кук «банктік құжаттар мен жылжымайтын мүлікке қатысты деректерді бұрмалап, ипотекалық несиелерде тиімді шарттар алған», бұл алаяқтыққа жатады, сол үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Кукке тағылған айыпты АҚШ-тың Федералдық тұрғын үй қаржыландыру агенттігінің (FHFA) басшысы әрі Трамптың жақтасы Билл Пулте қойған. Ол 15 тамызда АҚШ Бас прокуроры Пэм Бондиге хат жолдап, Кукке қатысты екі ипотекалық несиеге байланысты тергеу жүргізуді талап еткен.

Кук сол күні-ақ мәлімдеме жасап, 2021 жылы – ФРЖ-ға келерден бір жыл бұрын берілген ипотекалық өтінімдерге қатысты Пултенің әлеуметтік желідегі жазбасы жайлы «БАҚ арқылы ғана білгенін» айтты. Сондай-ақ ол: «Мен қысымға беріліп, бір твитте көтерілген мәселелер үшін қызметімді тастауға ниетті емеспін», – деп атап өтті.

Трамп бұған дейін де Федералдық резервті үнемі сынға алып, ақша-кредит саясатын айтарлықтай жұмсартуды талап етіп келеді. ФРЖ 2024 жылғы желтоқсаннан бері мөлшерлемені 4,25–4,5% деңгейінде ұстап тұр.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...