Евразия24ЖаңалықтарТрамп Венесуэла әуе кеңістігінің жабылуын әскери шабуылдың белгісі деп түсінбеуді сұрады

Трамп Венесуэла әуе кеңістігінің жабылуын әскери шабуылдың белгісі деп түсінбеуді сұрады

|

|

Вашингтон. 1 желтоқсан. ИНТЕРФАКС – АҚШ Президенті Дональд Трамп Венесуэла үстіндегі әуе кеңістігін жабу туралы мәлімдемесін алдағы әскери операцияның белгісі ретінде қабылдамауға шақырды.

«Мұны ешқалай жоруға болмайды», – деді Трамп журналистерге ұшағында берген сұхбатында. Бұл сөздері Венесуэла әуе кеңістігінің жабылуы АҚШ-тың әскери соққы беруге дайындалып жатқанының белгісі ме деген сұраққа жауап болды.

Трамптың айтуынша, мұндай қадамның себебі – Венесуэланың АҚШ үшін «достық пейілдегі ел емес» екендігі. Сонымен қатар ол Венесуэла президенті Николас Мадуромен телефон арқылы сөйлескенін растады. «Мен егжей-тегжейлі айтқым келмейді. Жауабым “иә”», – деді ол.

АҚШ президенті сенбі күні Венесуэла мен оның айналасындағы әуе кеңістігінің жабылғанын жариялаған болатын. Truth Social желісіндегі жазбасында: «Барлық әуе компанияларына, ұшқыштарға, есірткі тасымалдаушылар мен адам саудасымен айналысатындарға ескерту: Венесуэла үстіндегі және айналасындағы әуе кеңістігі толықтай жабылды», – деді ол.

Өткен аптада бірнеше шетелдік әуе компаниялары Венесуэламен әуе қатынасын тоқтатты. Бұл АҚШ-тың Федералдық азаматтық авиация басқармасы Каракастағы «Майкетия» әуежайы маңында деректер алмасу қауіпсіздігіне қатысты ескертуінен кейін орын алды.

АҚШ сонымен қатар Венесуэлаға жақын Кариб теңізінде әскери күштерін шоғырландырған. Онда USS Gerald Ford атомдық әуе тасымалдаушы кемесі, үш эсминец, екі крейсер, үш үлкен десанттық кеме және олардың бортындағы 3 мың теңіз жаяу әскері бар. Барлық крейсер мен эсминецтер Tomahawk қанатты зымырандарымен жабдықталған. USS Gerald Ford 48 F/A-18E Super Hornet жойғыш ұшағын алып жүр. Сонымен қатар АҚШ-тың Пуэрто-Рико аумағындағы аэродромда 10 F-35B бесінші буын жойғыш ұшағы орналастырылған. Крейсерлер мен эсминецтер Венесуэла жағалауынан 110–160 шақырым қашықтықта қозғалып жүр.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ ӘТК дроны Парсы шығанағында Иран жағалауы маңында барлау жүргізді

АҚШ әскери-теңіз күштеріне тиесілі MQ-4C Triton алыс қашықтықтағы радиоэлектрондық барлау ұшқышсыз аппараты сейсенбі күні Парсы шығанағы аумағында Иран жағалауына жақын маңда ұзақ уақыт ұшу миссиясын орындады.

Banpu АҚШ-тағы энергетикалық бизнеске $1,5 млрд инвестиция салуды жоспарлап отыр

Banpu тай энергетикалық компаниясы АҚШ-тағы қатысуын кеңейту үшін кемінде $1,5 млрд инвестиция салуды жоспарлап отыр. Бұл шешім деректерді өңдеу орталықтары тарапынан электр энергиясына сұраныстың артуымен байланысты.

Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлерін бөлу 2027 жылдан бастап цифрлық форматқа көшеді

Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер кодексіне келесі жылдан бастап ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бөлу процесін толықтай цифрлық форматқа — электронды конкурстарға көшіруді қарастыратын түзетулер енгізуді ұсынып отыр.

Қазақстан Дүниежүзілік банк тобы ұйымдарымен әріптестік туралы келісімді ратификациялады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Үкіметі мен Халықаралық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы және Инвестицияларға кепілдік беру жөніндегі көпжақты агенттік арасындағы әріптестік жөніндегі негіздемелік келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды.