Евразия24ЖаңалықтарТрамп Венесуэланың қашан толық дербес болатынын нақты айта алмады

Трамп Венесуэланың қашан толық дербес болатынын нақты айта алмады

|

|

Вашингтон. 8 қаңтар. ИНТЕРФАКС – АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэланың өзін-өзі басқаруға толық көшуі жақын арада аяқталмайтынын мәлімдеді.

АҚШ Венесуэлаға бақылауды қанша уақыт сақтайды деген сұраққа – жарты жыл ма, әлде бір жыл ма – Трамп: «Меніңше, әлдеқайда ұзақ», деп жауап берді. «Мұны уақыт көрсетеді», – деді ол New York Times (NYT) газетіне берген сұхбатында.

АҚШ президенті сондай-ақ оның әкімшілігі Венесуэланың вице-президенті Делси Родригеспен тұрақты байланыста екенін айтты.

«Марко (АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио – ИФ) онымен үнемі сөйлесіп отырады», – деді Трамп. Оның айтуынша, «біз онымен де, әкімшілікпен де үздіксіз байланыстамыз».

Трамптың сөзінше, Венесуэланың қазіргі билігі «біз қажет деп санайтынның барлығын ұсынып отыр».

АҚШ президенті Венесуэланы «өте табысты тәсілмен» қалпына келтіруге ниетті екенін де жеткізді.

«Біз мұнайды пайдаланамыз және аламыз. Мұнай бағасын төмендетеміз және Венесуэлаға қажет қаражатты береміз», – деді ол.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...