Стамбул. 25 ақпан. ИНТЕРФАКС – Сәрсенбіге қараған түні Түркияның батысында Әуе-әскери күштеріне тиесілі F-16 жойғыш ұшағы апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты, деп хабарлайды Associated Press.
Түркия Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ұшақ Балыкесир провинциясындағы авиабазадан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай, түн ортасынан кейін диспетчерлер онымен байланысты жоғалтқан.
Осыдан кейін іздестіру-құтқару жұмыстары басталып, көп ұзамай құтқарушылар жойғыш ұшақтың сынықтарын тапқан.
Ұшақ Стамбул–Измир автомагистралі маңында құлаған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен медицина қызметкерлері жіберілген.
Түркия Қорғаныс министрлігі апаттың мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастаған.




