Евразия24ЖаңалықтарҚазақстанда энергия жинақтау жүйелерін салу жоспарлануда

Қазақстанда энергия жинақтау жүйелерін салу жоспарлануда

|

|

Астана. 25 ақпан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанда энергия жинақтау жүйелерін салу жоспарланып отыр. Бұл шара баламалы энергия көздерін дамыту мәселелері жөніндегі заң жобасында көзделген, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Мәжілісте үкіметтік түзетулерді таныстыру кезінде жасаған баяндамасында энергия жинақтау жүйелерін пайдалану электр энергиясын ең жоғары жүктеме сағаттарында беруге мүмкіндік беретінін, Ресей Федерациясынан электр энергиясын импорттау қажеттілігін азайтатынын және энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттыратынын атап өтті.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, энергия жинақтау жүйелері энергожүйені теңгерудің, оның тұрақтылығын арттырудың және жаңартылатын энергия көздерін интеграциялаудың негізгі құралдарының бірі ретінде қарастырылып отыр.

«Қазіргі уақытта бізде энергия жинақтау жүйелері жоқ. Бұл технологиялар қымбат болғандықтан енгізілмеді, осы бағытта кешігіп қалдық. Қазір үкіметаралық келісімдер аясындағы төрт ірі жоба бойынша станция қуатының 30%-ын энергия жинақтау жүйелері арқылы қамтамасыз ету қарастырылған», – деді Есімханов Мәжілістегі сөзінде.

Мұндай жүйелерді енгізу көлемі нақты қажеттіліктерге сүйене отырып, жүйелік оператор KEGOC-пен бірлесіп айқындалады. Энергия жинақтау жүйелерін салу жобалары аукцион арқылы іріктелетін болады.

Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы осындай жүйелер операторларымен 15 жылға дейінгі мерзімге ұзақмерзімді келісімшарттар жасайды.

Вице-министрдің айтуынша, энергия жинақтау нысандарын салу түпкі тұтынушылар үшін электр энергиясының тарифін қымбаттатпайды.

Сонымен қатар, мұндай жүйелерді енгізудегі негізгі мәселе – батареялардың уақыт өте тозуы, оларды әр төрт-бес жыл сайын ауыстыру қажеттілігі.

Алдын ала бағалауларға сәйкес, Қазақстанның энергожүйесіне шамамен 3 ГВт көлемінде энергия жинақтау жүйелері қажет. Ал үкіметаралық келісімдер шеңберінде іске асырылатын жобалар аясында шамамен 1,4 ГВт қуаттағы жүйелерді енгізу жоспарланып отыр.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Путин мен Тоқаев алдағы кездесулерді талқылады

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Кремльдің сайтында хабарланды.

Америкалық Cargo Dragon ғарыш кемесі жексенбі күні Халықаралық ғарыш станциясымен түйіседі

SpaceX компаниясының бір күн бұрын ұшырылған Cargo Dragon жүк ғарыш кемесі жексенбі күні Халықаралық ғарыш станциясымен (ХҒС) түйіседі. Бұл туралы NASA хабарлады.

Нетаньяху Трамппен Иран төңірегіндегі жағдайды талқыламақ

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесіп, Иран төңірегіндегі жағдайды талқылауды жоспарлап отыр. Бұл туралы жексенбі күні Times of Israel басылымы хабарлады.

Абу-Дабидегі АЭС маңындағы өртке дрон шабуылы себеп болды

Абу-Дабидегі (БАӘ) «Барака» атом электр станциясының маңында шыққан өртке ұшқышсыз аппараттың соққысы себеп болды.