Евразия24ЖаңалықтарТүркиялық YDA Holding Астанада сэндвич-панель шығаратын зауыт пен Ақтауда мульти модальды хаб...

Түркиялық YDA Holding Астанада сэндвич-панель шығаратын зауыт пен Ақтауда мульти модальды хаб салмақ

|

|

Астана. 29 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Түркияның ірі құрылыс компанияларының бірі – YDA Holding Астана қаласында сэндвич-панель өндіретін зауыт, сондай-ақ Ақтау қаласында мульти модальды транзиттік хаб салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапары аясында YDA Holding директорлар кеңесінің төрағасы Хүсейін Арсланмен кездесу өткізді. Кездесу барысында Арслан компанияның Қазақстандағы инвестициялық қызметі жөнінде баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

«Жақын арада компания YDA Industrial Park кешенді өндірістік алаңын кеңейтуге және Астанада сэндвич-панель шығаратын зауыттың құрылысын бастауға ниетті», – делінген кездесу қорытындысына арналған ресми хабарламада.

Сонымен қатар, YDA Holding басшысы Ақтау қаласында мультимодальды көлік-логистикалық хаб құру жоспары жөнінде Президентке мәлімет берді.

Президенттің баспасөз қызметі атап өткендей, бүгінде аталған түркиялық холдинг еліміздің Түркістан, Астана және Петропавл қалаларында көпбейінді ауруханалар салу және оларды пайдалану бойынша үш жобаны іске асырып жатыр.

YDA Holding – құрылыс саласына маманданған әртараптандырылған компаниялар тобы. Холдинг Қазақстан нарығында 2002 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде жалпы құны 320 миллион АҚШ долларына тең үш ірі жобаны жүзеге асырды. Олардың қатарында Ақтау және Түркістан қалаларындағы халықаралық әуежайлар құрылысы, сондай-ақ «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағында орналасқан YDA Industrial Park өндірістік кешені бар.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.