Евразия24ЖаңалықтарҮндістан әскери байланыс спутнигін орбитаға шығарды

Үндістан әскери байланыс спутнигін орбитаға шығарды

|

|

Дели. 2 қараша. ИНТЕРФАКС – Үндістан Жер серігі орбитасына әскери мақсаттағы GSAT-7R (CMS-03) байланыс спутнигін сәтті ұшырды. Бұл туралы Үндістанның ғарыштық зерттеулер ұйымы (ISRO) хабарлады.

LVM3-M5 ауыр зымыран-тасығышының ұшырылымы жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша 17:26-да (Мәскеу уақытымен 14:56) Үндістанның оңтүстік-шығысындағы Шрихарикота аралында орналасқан Сатиш Дхаван атындағы ғарыш орталығынан жүзеге асырылды.

Аталған спутник Үндістан әскери-теңіз күштерінің кемелері, сүңгуір қайықтары, әскери ұшақтары мен жағалаудағы басқару пункттері арасында нақты уақыт режимінде сенімді байланыс орнатуды қамтамасыз етуге арналған.

Салмағы 4410 келіні құрайтын бұл аппарат – Үндістан аумағынан ұшырылған ең ауыр спутник болып отыр. Ол Жерден 35,7 мың шақырым биіктіктегі геостационарлық орбитаға орналастырылады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...