Дели. 12 ақпан. ИНТЕРФАКС – Үндістан Ресеймен түрлі бағыт бойынша ынтымақтастықты кеңейтіп отыр. Бұл туралы бейсенбі күні Үндістан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Рандхир Джайсвал мәлімдеді.
«Үндістан мен Ресей қазіргі уақытта саудадан бастап мәдени-гуманитарлық байланыстарға дейін, сондай-ақ қорғаныс саласы бойынша бірқатар мәселелер аясында өзара әрекеттесіп келеді. Екіжақты ынтымақтастығымыз барлық бағытта дамуын жалғастырып отыр», – деді ол брифинг барысында.
Осы қыс мезгілінде Үндістан билігі энергия ресурстарын жеткізу көздерін әртараптандыру жоспарын жариялаған болатын. Бұл мәлімдеме АҚШ президенті Дональд Трамп Үндістан ресейлік мұнай сатып алудан бас тартады деп айтқаннан бірнеше күн өткен соң жасалды.
Трамп сондай-ақ осыған байланысты ресейлік мұнай импорты үшін енгізілген 25 пайыздық қосымша баж салығын алып тастау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген еді.
АҚШ басшысы Үндістанның Ресей мұнайынан бас тартатыны жөнінде бірнеше ай бұрын да мәлімдеп, кейін бұл пікірін бірнеше рет қайталаған.




