Евразия24ЖаңалықтарУкраина осы айдың соңына дейін Германиямен бірлескен жоба аясында алыс қашықтықтағы зымырандар...

Украина осы айдың соңына дейін Германиямен бірлескен жоба аясында алыс қашықтықтағы зымырандар алуы мүмкін

|

|

БЕРЛИН, 12 шілде. ИНТЕРФАКС. Германия мен Украина арасындағы бірлескен жоба аясында өндірілген алғашқы алыс қашықтықтағы зымырандар Украина Қарулы күштеріне шілде айының соңында жеткізілуі мүмкін. Бұл туралы Германия Қорғаныс министрлігі жанындағы Украинаға көмек көрсету жөніндегі үйлестіру тобының жетекшісі Кристиан Фройдинг мәлімдеді.

ZDF телеарнасына берген сұхбатында ол мамыр айында қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, «Украина армиясы осы айдың соңында алыс қашықтыққа арналған алғашқы зымыран жүйелерін алады» деп нақтылады.

Оның айтуынша, алдағы апталар мен айларда мұндай жүйелердің саны жүздеген бірлікке дейін артуы ықтимал.

Германия тарапы бұл қару-жарақтарды сатып алуға қаржылай қолдау көрсетуде. Аталған жүйелер Украинаға «қоймалар, командалық пункттер, аэродромдар мен Ресей аумағындағы ұшақтарға» соққы беру мүмкіндігін арттырады.

Еске сала кетейік, биыл мамырда Германия канцлері Фридрих Мерц Украина президенті Владимир Зеленскийді Берлинде қабылдаған болатын. Кездесу барысында Германия Украинада алыс қашықтықтағы зымырандарды бірлесіп өндіру жобасын қаржыландыратынын мәлімдеген еді. Бұл қару түрі Киевке «өз аумағынан тыс әскери нысандарға да кедергісіз соққы жасауға» мүмкіндік бермек.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...