Евразия24ЖаңалықтарЖапония премьер-министрі жоғарғы палатадағы сайлау нәтижелеріне қарамастан қызметін жалғастырады

Жапония премьер-министрі жоғарғы палатадағы сайлау нәтижелеріне қарамастан қызметін жалғастырады

|

|

Токио. 21 шілде. ИНТЕРФАКСЖапония премьер-министрі Сигэру Исиба Жапония парламентінің Жоғарғы палатасында билік коалициясы көпшілік мандатынан айырылғанына қарамастан, өз қызметін жалғастыратынын мәлімдеді. Бұл туралы дүйсенбі күні Associated Press агенттігі хабарлады.

«Сайлау нәтижесіне байланысты өз жауапкершілігімді ауыр сезінсем де, ел мен халық үшін өз міндетімді атқаруды жалғастыруым керек деп санаймын», – деді үкімет басшысы.

Исиба маңызды мәселелерді, соның ішінде АҚШ-пен сауда келіссөздерін жүргізу мен бағаның өсуіне қарсы күресті жалғастыру үшін қызметінде қалатынын атап өтті.

Сайлауда Либералды-демократиялық партия (ЛДП) мен оның кіші коалициялық серіктесі – «Комэйто» партиясы Жоғарғы палатада көпшіліккеие болу үшін қолда бар 75 орынға қосымша 50 мандат алуы тиіс еді. Алайда коалиция небәрі 47 орын ғана иеленді. Жоғарғы палатада барлығы 248 орынбар, оның 125-і жексенбі күні өткен сайлау кезінде қайта сайланды.

Палата мүшелері алты жыл мерзімге сайланады. Алайда үш жыл сайын оның жартысы жаңарып отырады, бұл толық құрамның бір мезгілде ауысуын болдырмауға бағытталған.

Айта кетейік, қазіргі таңда үкімет өкілдері төменгі палатада да көпшілікке иеемес: ЛДП мен «Комэйто» партиялары бірлесіп 465 орынның 220-сын ғанаиеленіп отыр.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.