Евразия24ЖаңалықтарЖасанды интеллекттің енгізілуі ЖІӨ-ге $14–20 млрд қосуы мүмкін

Жасанды интеллекттің енгізілуі ЖІӨ-ге $14–20 млрд қосуы мүмкін

|

|

АСТАНА. 5 желтоқсан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, елдегі цифрландыру мен жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізудің нәтижесінде ішкі жалпы өнім (ЖІӨ) $14-тен $20 млрд-қа дейін ұлғаюы мүмкін. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан үшін цифрландыру мен жасанды интеллект құралдарын енгізудің нәтижесі $14–20 млрд көлемінде ЖІӨ-ге қосымша үлес беруі мүмкін. Мұндай есеп бар. Оның дәлдігі – уақыттың еншісінде. Біз бұл мүмкіндіктерді толыққанды пайдалануымыз қажет», – деді Президент Тоқаев жұма күні «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының лауреаттарын, сондай-ақ «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде.

Мемлекет басшысының айтуынша, сарапшылардың болжамына сәйкес, 2030 жылға қарай әлемдік ЖІӨ-ге жасанды интеллект $17–26 трлн аралығында қосымша үлес қосып, 78 млн жұмыс орны құрылады.

«Мемлекет пен бизнес арасындағы диалог жаңа сипатқа ие болуы тиіс. Бұл ретте цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын тиімді пайдалану қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол сондай-ақ, жасанды интеллекттің қарқынды дамуы жаһандық экономикада түбегейлі өзгерістерге жол ашып отырғанын атап өтті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Израиль әуе күштері Тегеранда ядролық зерттеу орталығына соққы жасады – ЦАХАЛ

Израиль әскери-әуе күштері сенбі күні Тегеран қаласындағы ядролық зерттеулер мен әзірлемелерге арналған стратегиялық нысанға соққы жасады.

Иран әскери операция басталғалы бері Израильге 400 баллистикалық зымыран ұшырған – ЦАХАЛ

Иран америкалық-израильдік әскери операция басталғалы бері Израиль аумағына 400 баллистикалық зымыран ұшырды, олардың 92%-ы атып түсірілген.

Иран Ормуз бұғазын тек өз қарсыластары үшін жапқанын мәлімдеді

Иран Ормуз бұғазы арқылы қозғалысты толықтай тек елдің қарсыластарына қатысты кемелер үшін ғана шектегенін мәлімдеді.

Саудиялық әскерилер Ираннан ұшырылған зымыран мен бірнеше дронның атып түсірілгенін хабарлады

Сауд Арабиясы әуе қорғаныс күштері жексенбі күні таңертең Иран тарапынан ұшырылған бірнеше дрон мен бір зымыранды жойды, деп хабарлайды ЭФЭ агенттігі.