Евразия24Жаңалықтар«Зверополис 2» солтүстік америкалық прокаттың көшін бастады және 2025 жылдың ең табысты...

«Зверополис 2» солтүстік америкалық прокаттың көшін бастады және 2025 жылдың ең табысты әлемдік анимациялық дебюті атанды

|

|

Вашингтон. 1 желтоқсан. ИНТЕРФАКС – Walt Disney Co. (SPB: DIS) компаниясының «Зверополис» анимациялық фильмінің екінші бөлімі АҚШ-тағы Алғыс айту күніне байланысты бес күнге созылған демалыс күндері ішінде Солтүстік Америкадағы кинонарықтың көшбасшысына айналды.

АҚШ пен Канадада прокаттың алғашқы бес күнінде «Зверополис 2» 156 миллион доллар жинады. Бұл өткен жылы көрсетілген «Моана 2» фильмінен кейінгі екінші нәтиже. CNN мәліметінше, сол фильм дәл осындай кезеңде 225 миллион доллар табыс әкелген болатын.

Алайда ең үлкен табыс Қытай нарығынан түсті. Бұл елде алғашқы бөлім зор танымалдыққа ие болып, тіпті Шанхайдағы Disneyland саябағында арнайы тақырыптық аймақ ашылған. Artisan Gateway деректеріне сүйенсек, жұма, сенбі және жексенбі күндері Қытайда фильм 1,92 млрд юань (яғни 270,7 млн доллар) жинаған. Бұл шетелдік фильмдер арасында дебюттік уикенд бойынша «Кек алушылар: Финалдан» кейінгі екінші, ал барлық фильмдер ішінде алтыншы көрсеткіш болып отыр.

Әлемдік табысы 556 миллион долларды құрап, анимациялық фильмдер тарихындағы ең үздік старт көрсеткішіне жетті. Бұл – 2025 жылдың ең табысты дебюті және барлық уақыттағы төртінші көрсеткіш.

Сарапшылардың болжауынша, «Зверополис 2» әлемдік прокатта 1 миллиард доллар табыс табатынына сенімді, ал кейбірі 1,5 миллиард долларға дейін жетуі мүмкін деп отыр.

Ал өткен аптадағы көшбасшы – «Злая 2» мюзиклі – екінші орынға сырғыды. Ол бұл жолы 62,8 миллион доллар жинады. Осылайша, АҚШ пен Канададағы жиынтық табысы – 270,4 млн доллар, ал әлемдік табысы – 393 млн доллар болды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ЕАЭО азаматтарының Ресейде жұмыс істеу шарттары жеңілдейді: салық саясаты қайта қаралды

Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің азаматтарына қатысты Ресей Федерациясында қолданыста болған жеке табыс салығына (ЖТС) 30 пайыздық жоғарылатылған мөлшерлеме алынып тасталды.

Қазақстан және өркениеттік бағдар

«Шұғыл! Ақорда сын кезеңде тұр! Назарбаевтың Путинге құпия сапары! Фархад Қасеновпен сұхбат» — Daily Europe Online арнасындағы кезекті бейнеролик. Уайымдаудың қажеті жоқ – «Ақорда сын кезеңде тұр» немесе «бұрынғы Елбасының Кремльге құпия сапары» секілді тақырыптар тек назар аударту үшін қойылған. Шын мәнінде, бейнероликтің мазмұны мүлде басқа.

Мүмкіндігі шектеулі тәрбиешілер

«Қазақстанда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған маңызды өзгерістер қабылданды. Бұл өзгерістер «Мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң аясында іске асырылуда

Мал шаруашылығын несиелеу: пайда ма, шығын ба?

Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қатысты мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты – мал шаруашылығын түрлі мақсаттарға арналған жеңілдетілген несиелеу арқылы қолдау болатыны аталған жаңалықтан айқын аңғарылады.