Біз Қазақстанның өз экономикалық мүдделерін қорғау жолындағы жоғары сапалы заңгерлік жұмысының куәсі болдық. Бұған қоса, «инвестор әрқашан құқылы» деген ескі модель келмеске кетті. Консорциумдардың шоттарын оның негіздемесі мен сомасына бас ауыртпастан төлей беру логикасы енді іске аспайды.
«Үлкен державалардың өзара түбегейлі араздасып алғаны соншалық, соның нәтижесінде Орталық Азия елдерін бір-біріне жақындасуға өздері итермелеп отырғандай әсер қалдырады. Бұл тек бізге ғана қатысты емес. Давостағы сөзінде Канада премьер-министрі де осыған ұқсас ой айтты: ол орта деңгейдегі мемлекеттерді “үлкендердің” соққысын үнсіз көтере бермей, бірігіп, өз ұстанымын қорғауға шақырды.
АҚШ-тың «арнайы венесуэлалық операциясын» — Венесуэла президентінің ұсталуын біздің, шартты түрде айтқанда, батысшыл бағыттағы ақпараттық жобалар қалай түсіндіретіні қызық болды. Олар қаншалықты жедел үн қатады, Мадуроның тұтқындалуын Ресей президенті Владимир Путиннің кезекті әрі түпкілікті жеңілісімен, сондай-ақ Ресей саясатының толық күйреуімен қаншалықты шебер байланыстырады деген сауал да туындады. Қытайды да қосуы әбден мүмкін еді
Венесуэла мысалы — бұл шетелдік мұнай концессияларына қатысты жүйені өзгертуге талпынған немесе «бірлескен кәсіпорын» ұғымының өзін қайта қарауға ниет білдіретін кез келген ел үшін ескерту іспеттес. Негізінде, joint venture — ағылшын тілінде «бірлескен кәсіпорын» дегенді білдіргенімен, мұнайға бай елдер — шартты түрде айтқанда, «нефтестандар» — үшін бұл термин, көбіне бізге жақсы таныс өнімді бөлісу жөніндегі келісімдерге (СРП) келіп тіреледі.
Мұндай келісімдердің мәні мынада: шетелдік мұнай өндіруші компаниялар қабылдаушы елмен құпия және ұзақ мерзімге өзгертілмейтін шарттар жасасады.
Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақтағы 2026 жылғы төрағалығы өз міндетін сәтті атқарды деп бағалануы үшін келесі бағыттар бойынша айтарлықтай ілгерілеу қажет: Қазіргі кезде күрделі әрі баяу іске асатын әріптестік механизмдерін жеңілдету;
Әзірге тек декларация түрінде айтылып жүрген цифрлық шешімдерді нақты іске енгізу.