Евразия24Ұлы Жібек жолындағы ой-талқы

Ұлы Жібек жолындағы ой-талқы

Бешпармақ. Инженер толғанысы. ЖАППАЙ ҚОНЫС АУДАРУ. ҰЛЫ ХАННЫҢ СОҢҒЫ ЖОБАСЫ

Сыртқы Барлау Қызметі жедеғабыл жинаған ақпарға сүйене отырып, Ұлттық Сауда Корпорациясы Жеңіс Хан мен Федерация Үкіметіне «Орыс нарығында жүн саудасын дамытудың келешегі туралы» деп аталатын жан-жақты талдау баяндамасын әзірледі. Сол талдаудан орыс нарығының жүн тұтыну тұрғысындағы сұраныс мөлшері Қытай, Орта Азия және Таяу Шығысты қосып алғандағы қазіргі сауда көлемінен кемінде 10 есе асып түсетіні айқын көрінді. Соған сәйкес, келешекте Мәңгі Елдің көшпенді халықтарының табыстары он есе ұлғаяды!

Бешпармақ. Инженер толғанысы. Қалқадағы шайқас. Жазалау операциясы

Сыртқы Барлау тыңшылары қайғылы жағдайды дереу Орталыққа хабарлады. Сөйтіп, бүкіл Мәңгі Ел Әскері Елшілік дипломаттарының залымдықпен өлтірілгенін естіп білді. Айбарлы командирлер мен тәжірибелі жауынгерлер Русьті бейбітшілікке мәжбүрлеу Операциясына сұранып, Әскердің Бас Штабы Ортаға ұжымдық өтініштер жолдады. Олар енді оны Жазалау Операциясы деп атады!

Бешпармақ. Инженер толғанысы. Орыс мәселесі

Шалғай батыста көшпенділердің жерлері көптеген орыс княздіктерінің аумақтарымен шекаралас болғандықтан, Мәңгі Ел Үкіметі оларды болашақта қой жүнін де, Қытай мен Үндістаннан әкелінген көпшілік тұтынатын тауарларды да сататын нарық алаңы ретінде қарастыра бастады. Өкінішке орай, 13-ғасырдың басындағы орыс жерлері өзара әскери қақтығыстардан көз ашпады. Көпшілігінің қандас туыстығына қарамастан, басшы-князьдар жерге таласып немесе руаралық жанжалдар мен тойымсыз ашкөздіктен дәйім бір-бірімен соғысып жататын. Соның кесірінен орыс князьдіктерімен Үлкен сауда ұйымдастыру екіталай еді.

Бешпармақ. Инженер толғанысы. Екінші мыңжылдық тұлғасына қарсы

Қазіргі Моңғолиядағылар Шыңғысхан деп атайтын Жеңіс Ханның қабірін әлемнің әр түкпірінен жиналған археологтар қанша жылдан бері іздеп әлек, бірақ, олар өз уақыты мен салық төлеушілердің ақшасын текке ысырап етіп жүр! Ол қабір енді жоқ, із-түссіз құрыған, қалай іздесең де, табылмайды! Еуропалық, американдық, жапондық ғалымдардың басына «Мүмкін ол Моңғолияда жерленбеген шығар» деген арам ой келетіні де бар. Конфуций айтқандай: «Қараңғы бөлмеде сұр мысықты іздеген қиын, ол онда жоқ болса, тіптен, бекер!». 

Бешпармақ. Инженер толғанысы. Хорезм халықтарының жүректерін жаулау

Отырар уәлаятының басынан өткен қайғылы оқиға, Федерацияның орайын келтіріп, оны оп-оңай өзіне қосып алуы Хорезмнің басқа да уәлаяттарының билеушілеріне сабақ болып, ақылға келмесе, оларды не күтетінін айқын көрсетті. Жеңіс Ханның бұйрығымен оның немересі Бату Хан Жебе Ноян мен Сыпатай Батыр бастаған екі түмен әскермен 1219-1221-жылдары шеру тартып, Хорезм хандығының қалаларын аралады.  Әр қалаға келгенде, оның Билеушісіне бітімгерлер жіберіліп, өз еркімен Федерация құрамына кіру туралы келісімге қол қою ұсынылды.