Евразия24Эксклюзив

Эксклюзив

ЕО келіскісі жоқ, АҚШ-тан алыстап, әскери арандатушылық күшейіп барады

Қазақстан оқырмандарына Еуропаның қауіпсіздік саясатының эволюциясы туралы тұшымды әрі жүйелі талдау ұсыну барған сайын қиындап барады. Қарулы шиеленісті бәсеңдету туралы мәлімдемелердің әскери сипаттағы арандатушылық әрекеттермен қатар жүруі және Мәскеумен келіссөз жүргізудің нақты бағытын айқындай алмауы Еуропаны экономикалық өсімі баяулаған әрі ауқымды қақтығыс қаупіне жақындап келе жатқан өңір ретінде көрсетеді. Сарапшылардың бағалауынша, мұндай үдеріске АҚШ пен Израиль сияқты одақтастарына тәуелді саяси күштердің ұстанымы да ықпал етіп отыр. Бұл мемлекеттер халықаралық жүйенің шеткері аймақтарындағы тұрақсыздық ошақтарының сақталуына әсер етіп, Украинадағы соғысты негізгі буындарының бірі ретінде қарастыратын геосаяси текетіреске негізделген стратегияның жалғасуына жағдай жасап келеді.

Теңіздегі геосаяси текетірес

Еуропа ресейлік мұнай тасымалдайтын танкерлерге қатысты жүктерді тәркілеуді заңдастырды. Кремль бұл мәселеде жағдайдың одан әрі ушығуына жол бермеуге барынша тырысып келеді. Алайда мұның да шегі бар. Егер Еуроодақ пен Ұлыбритания Ресейдің «көлеңкелі флотына» тиесілі танкерлердің жүктерін тәркілеуді күшейтсе, Мәскеудің күш қолдану арқылы жауап беруден өзге амалы қалмайды. Мұндай жағдайда барған сайын күшейіп келе жатқан теңіздегі текетірес жаңа кезеңге өтіп, оның салдары Еуропа жағалауларына да жетуі мүмкін.

Ойын бизнесі өңір экономикасын дамыта ала ма?

Алматы облысында шетелдік азаматтарға арналған жаңа ойын аймағын Талғар ауданында құру бастамасы қоғам назарын аудартты. Бұл бастама Қонаев қаласындағы ойын орындарының келушілер ағынына байланысты жүктемесінің артқанын көрсетсе керек. Алайда өңірді құмар ойындар орталығы ретінде дамыту бастамасы республикалық және жергілікті биліктің экономикалық саясатына қатысты бірқатар сауал туындатады. Казино салуды өнеркәсіптік кәсіпорындар ашудан басым қою – индустриялық-инновациялық даму жөніндегі жоспарлардың іс жүзінде орындалмағанын тағы бір мәрте аңғартатын қадам. Себебі бұл бастамалардың басым бөлігі нақты нәтижеге емес, жарияланған мақсат деңгейінде қалып қойды.

Стратегиялық минералдар: жаһандық нарықтағы Қытайдың ықпалы

Стратегиялық маңызы бар минералдар кен орындарының картасына қарасақ, олардың әлемнің әртүрлі өңіріне кеңінен таралғанын көруге болады. Алайда оларды өңдеуге келгенде жағдай мүлде басқа: өңдеу қуатының шамамен 90 пайызы Қытайдың үлесіне тиесілі. Соның арқасында Бейжің келіссөздерде қарсы тарапты бастапқыдан-ақ тәуелді әрі осал жағдайға қоя алады. Қытайды осы басымдықтан айыру үшін ұзақ жылдарға арналған тұрақты мемлекеттік қаржыландыру қажет. Алайда Батыс елдері бұған бара алмайды, өйткені мұндай саясат кез келген сайлау циклінен әлдеқайда ұзақ мерзімді саяси міндеттемені талап етеді.

KazSat-3R: ұзақ мерзімге арналған жоба

Қазақстанда 2029 жылға дейін KazSat ғарыштық байланыс жүйесінің жаңа серігі пайдалануға беріледі. Премьер-министрдің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, бұл жобаға 10 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Қазақстан үшін ұлттық байланыс серіктерін пайдалану жаңа тәжірибе емес. Бұған дейін KazSat-1, KazSat-2 және KazSat-3 серіктері іске қосылған. Қазіргі уақытта KazSat-2 мен KazSat-3 елдің байланыс жүйесінде өз қызметін жалғастырып келеді. Елге тағы бір байланыс серігі не үшін қажет? Бюджет тапшылығы жағдайында 10 млрд теңге – көп пе, әлде аз ба? Жаңа аппаратты кім құрастырады? Осы және өзге де сұрақтарды Eurasia24 «Ғарыштық зерттеулер және технологиялар» журналының бас редакторы Нұрлан Әселқанға қойды.