Евразия24Таңдаулы жаңалықтарИнвестициялық серпін: статистика мен нақты экономика

Инвестициялық серпін: статистика мен нақты экономика

|

|

EconomyKZ хабарлайды: «Ұлттық статистика бюросының жедел деректеріне сәйкес, 2025 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар (НКИ) 13%-ға өсіп, 22,7 трлн теңгеге жетті. Желтоқсан айында қарашаға қарағанда НКИ көлемі бірден 1,7 есеге артқан. Бірқатар өңірлерде айлық өсім ерекше жоғары болды: Жамбыл облысында – 3,6 есе, Қостанай облысында – 3,5 есе, Қарағанды және Жетісу облыстарында – 2,9 есе, Ақтөбе облысында – 2,7 есе. Жыл соңындағы мұндай айқын өсім, ең алдымен, жылдық көрсеткіштерді әкімшілік тәсілдер арқылы «жеткізуге» деген талпыныспен байланысты болуы мүмкін, өйткені негізгі капиталға салынатын инвестициялар өңірлік билік органдары жұмысының тиімділігін бағалаудағы негізгі көрсеткіштердің бірі болып қала береді.

2025 жылы негізгі капиталға инвестициялар өсімінің негізгі қозғаушы күші шағын кәсіпорындар болды. Жыл қорытындысы бойынша олардың НКИ көлемі 13,21 трлн теңгеге жетіп, 19,5%-ға артты. Ал ірі компанияларда бұл көрсеткіш 7,07 трлн теңгені құрап, өсім небәрі 3,2% деңгейінде болды. Бұл инвестициялық белсенділіктің негізгі өсімі дәл шағын бизнес сегментінде және соған байланысты жобалар есебінен қалыптасқанын көрсетеді».

 

Евразия24 пікірі:

Біз Қазақстанға әбден үйреншікті құбылысқа – қаржы жылының соңында байқалатын «есептік серпіліске» тағы да куә болдық. Әдетте кез келген жылдың соңғы тоқсанында бюджет қаражатын игеру ең жоғары қарқын алады.Айта кету керек, мемлекеттік тапсырыстар аясындағы бюджетті игеру тәжірибесінде мұндай құбылыс әлдеқашан қалыпты жағдайға айналды. Бұл, әдетте, жылдың алғашқы жартысында конкурстық рәсімдер жүргізіліп, нақты қаржыландыру тек жыл ортасынан кейін басталуымен байланысты. Жеке сектордағы жағдайға келсек желтоқсан айында инвестиция көлемінің бірден 1,7 есеге өсуі ірі, ұзақмерзімді жобалармен немесе өндірістің соған сай ұлғаюымен дәлелденіп отырған жоқ. Мұнда басты рөлді шағын бизнес көрсеткіштері атқарып отыр. Өз табиғатына сай шағын кәсіпорындар ауқымды, капитал сыйымдылығы жоғары өндірістік тізбектер құрмайды. Олардың инвестициялары көлемді болып көрінгенімен, көбіне қысқа мерзімге бағытталып, жекелеген, бір реттік жобаларды жабумен шектеледі. Нәтижесінде Қазақстанда есепке бағдарланған классикалық KPI-экономиканың бейнесі айқын көрінеді: нақты экономикалық мазмұннан гөрі, формалды есеп пен көрсеткіштер алдыңғы орынға шығып отыр.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан екінші АЭС құрылысы жөнінде Қытаймен келіссөз жүргізіп жатыр – Энергетика министрі

Қазақстан Қытайдың ұлттық атом компаниясымен елдегі екінші атом электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов хабарлады.

Путин Ресейдің өзге елдермен ынтымақтасуға мүдделі екенін, ешкімге қоқан-лоқы көрсетпейтінін айтты

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресей өзге елдерге бұрын да қоқан-лоқы көрсетпеген, қазір де көрсетіп отырған жоқ. Ол елінің басқа мемлекеттермен ынтымақ орнатуға мүдделі екенін айтты.

Литва мен Германия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Литва қорғаныс министрі Робертас Каунас пен Германия қорғаныс министрі Борис Писториус Берлинде қорғаныс саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні Литва Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесі Вашингтон мен Брюссельдің қарым-қатынасын өзгерте ме?

АҚШ-тағы аралық сайлауда Республикалық партияның жеңілуі Вашингтон мен Еуроодақ арасындағы қатынас өздігінен жақсарады деген сөз емес. Бұл туралы сәрсенбі күні Bloomberg агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.