Евразия24ЖаңалықтарАлматыда Қорғаныс технологиялары орталығы ашылды

Алматыда Қорғаныс технологиялары орталығы ашылды

|

|

Астана. 4 мамыр. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматыға сапары барысында қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау бойынша Defense Tech орталығы таныстырылды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Қорғаныс министрлігі жүзеге асырып жатқан Defense Tech жобасы Қарулы Күштер мен ұлттық қауіпсіздік жүйесінің қажеттіліктері үшін отандық технологиялық шешімдерді анықтау, іріктеу және жеделдетіп дамыту бойынша инновациялық экожүйені қалыптастыруға бағытталған, делінген хабарламада.

«Бастаманы дамыту аясында Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығы – Армия үйінің базасында мультифункционалды инновациялық хаб ашылды. Мұнда отандық IT-компаниялар мен стартап-командалар әзірлеген қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы озық технологиялық шешімдер мен перспективалы жобалар ұсынылған», — деп атап өтілді хабарламада.

Жоба шеңберінде инновациялық командалармен және ғылыми-техникалық ұйымдармен жұмыс істеудің тұрақты механизмі құрылуда.

Астанада Astana Hub алаңында Defense Tech үйлестіру кеңсесі ұйымдастырылды. Ол Қорғаныс министрлігі, технологиялық кәсіпкерлер, ғылыми ұйымдар және индустриялық серіктестер арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз етеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.