Евразия24Ушыққан мәселеБейкүнә аңқаулық

Бейкүнә аңқаулық

|

|

Құқық қорғаушы Ғалым Әгелеуов өзінің Фейсбуктегі парақшасында мынадай жазба жариялады:

«Қазақстанның барлық азаматтары үшін тағы бір мәрте қайталап айтайын. Мәселе — Қазақстанда Ресей православие шіркеуінің бар екендігінде. Оның жекелеген, кейде өте маңызды шешімдер қабылдауда дербестігі бар. Мысалы, АӘО-ны (арнайы әскери операцияны) қолдаудан және оны насихаттаудан бас тартуы — соның айқын көрінісі.

Бірақ бізде Мәскеуден дербес, тәуелсіз Қазақстан православие шіркеуі жоқ. Иаков Воронцов дәл Украинадағыдай (ондағы шіркеу Киев патриархатына бағынады және Константинопольден автокефалия алған) дербес шіркеуді тіркеуге тырысты. Сондықтан Иаков Воронцов пен оның серіктері томос алу үшін — яғни автокефалия құқығына ие болып, Қазақстанда өз православиелік қауымын ашу үшін — Константинопольге жүгінді. Бұдан бөлек, олар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, өздерінің діни бірлестігін тіркеу үшін Қазақстан билігіне де барды.

Әрине, РПЦ (Ресей православие шіркеуі) Қазақстандағы православие сенушілері арасында «жік шығуына» жол бермеу желеуімен өздерінің ықпал ету тетіктерін іске қосқаны түсінікті.

Мұның бәрі түсінікті, бірақ Қазақстан билігі неге діни бірлестікті тіркеуден бас тартып, өз азаматтары мен еліміздің мүддесіне қайшы келетін Мәскеудің саяси тапсырысын орындады?

Құрықтау және медициналық куәландыру кезіндегі заң бұзушылықтарды ескерсек, бұл істің тапсырыспен жасалғанын байқау қиын емес. Мұндай жағдайда есірткі мен есірткі ордасы туралы айыптар негізсіз болып қалады да, тек сөз және сенім бостандығы үшін қуғындау ғана қалады. Бұл — адам құқықтарының бұзылуын тікелей көрсететін жайт.

Сондықтан біз Яков Воронцовқа бостандық беруді, апелляциялық шағымның әділ қаралуын және осы саяси қуғын-сүргінге қатысушылардың барлығының жазалануын талап етуіміз керек!»

Ашығын айтқаныңызға рақмет: бәрі де солай. Рухани лауазымынан айырылған Яков Воронцов Украинадағы саясатсымақтар шіркеуге жасаған және түбінде Украинадағы апатқа негіз болған жағдайды Қазақстанда да қайталағысы келді.

Егер Ғалым Әгелеуов православие өкілі болса, оны «жікшіл» дер едік. Бірақ оның діні басқа — ол кейде «батысшыл», кейде «құқық қорғаушы», ал кейде «грант қаржысын пайдаланушылар» деп аталатын сектаның мүшесі. Киевтегі Майданға 5 миллиард доллар бөліп, кейін «соңғы украиндық қалғанша» соғысу үшін жүздеген миллиард құйған сол грант берушілер, дәл осы сценарийді Қазақстанда да қайталағысы келіп отыр. Құқық қорғаушы Әгелеуов те «Қазақстанның барлық азаматтарына» мұны ашық түрде жеткізіп отыр.

1415 жылы күпірлік жасады деп айыпталған діни қызметкер Ян Густы шіркеу соты отқа өртеуге жазасына кеседі. Оның өртеніп жатқанын көруге келген бір діндар кемпір «сауап болады» деген ниетпен алауға өз шыбығын әкеп тастайды. Сонда Ян Гус әлгі кейуананың аңғалдығына қарап: «О, бейшара аңқаулық-ай!» деп қамыққан екен.

Ал біз Ғалымға сәл басқаша айтамыз: «Ақ көңілдіктің ақымақтықтан айырмасы жоқ». Әрине, Қазақстанды Украинаның жолымен айдап салғысы келетіндердің арам пиғылын осылайша жайып салғанына «жарайсың»-ақ дегіміз келеді. Бірақ, сендердің бұл арам ойларыңнан іске аспайды!

 

 

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ қор нарығына геосаяси ахуал әсер етті

Дүйсенбі күнгі саудада АҚШ қор нарығы индекстерінің қозғалысы әркелкі.

Крикет жұлдыздары түрмедегі Имран Ханға тиісті медициналық көмек көрсетуді талап етті

Крикет командаларының бұрынғы капитандары Алистер Кук, Капил Дев, Адам Гилхрист және бірқатар танымал спортшы қамауда отырған Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі әрі экс-крикетші Имран Ханға тиісті медициналық көмек көрсетуді талап етті. Олар Пәкістан билігін оның денсаулығын толық әрі тәуелсіз тексеруге шақырды, деп хабарлайды Sky News.

Қытай әуедегі нысандарды алыстан жоюға арналған гипердыбыстық қару әзірледі

Қытай әуе нысандарына қарсы зымырандарды алып жүріп, оларды алыс қашықтықтан ұшыруға мүмкіндік беретін гипердыбыстық маневрлі жауынгерлік блок технологиясын әзірледі. Бұл туралы дереккөздерге сілтеме жасаған Bloomberg хабарлады.

Тоқаев Құрылтай сайлауына байланысты құттықтау жолдаған шетелдік әріптестеріне алғыс айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір палаталы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауының өтуіне байланысты құттықтау жолдаған Ресей, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан және Тәжікстан басшыларына алғыс білдірді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.