Евразия24ЖаңалықтарКрикет жұлдыздары түрмедегі Имран Ханға тиісті медициналық көмек көрсетуді талап етті

Крикет жұлдыздары түрмедегі Имран Ханға тиісті медициналық көмек көрсетуді талап етті

|

|

Лондон. 24 тамыз. ИНТЕРФАКС – Крикет командаларының бұрынғы капитандары Алистер Кук, Капил Дев, Адам Гилхрист және бірқатар танымал спортшы қамауда отырған Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі әрі экс-крикетші Имран Ханға тиісті медициналық көмек көрсетуді талап етті. Олар Пәкістан билігін оның денсаулығын толық әрі тәуелсіз тексеруге шақырды, деп хабарлайды Sky News.

«Оны сот белгілеген мамандар емес, үкімет тағайындаған дәрігерлер тексерді. Олар Имран Ханның денсаулығында ешқандай кінәрат жоқ деген қорытынды жасап, дәрігерлер тексеруді толық аяқтамай тұрып, оны қайтадан «Адиала» түрмесіне жіберді», – делінген бұрынғы спортшылардың Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифке жолдаған үндеуінде.

Крикетшілер бұл үндеуді Имран Ханның қамауда отырған кезінде оң көзінің көру қабілеті 85%-ға нашарлағаны туралы ақпарат тарағаннан кейін жолдаған.

Пәкістанның Жоғарғы соты бұрынғы премьер-министрді ауруханаға ауыстыру туралы шешім шығарған. Алайда үндеуде оның ауруханада небәрі бірнеше сағат болып, кейін қайта түрмеге жеткізілгені айтылған. Осыған байланысты спортшылар үкіметтен сот шешімін орындап, Имран Ханның өзі таңдаған дәрігерлер де кіретін медициналық комиссияға оның денсаулығын жан-жақты тексеруге мүмкіндік беруді талап етті.

Пәкістанның Ақпарат министрлігі болса, Имран Ханға түрмеде «қатыгездік көрсетілді», «психологиялық қысым жасалды» және «тиісті медициналық көмек берілмеді» деген мәлімдемелерді жоққа шығарды.

Имран Хан 2018–2022 жылдары Пәкістан премьер-министрі қызметін атқарған. Ол – «Әділет үшін қозғалыс» партиясының негізін қалаушы. 2022 жылғы сәуірде парламент оған сенімсіздік білдіріп, нәтижесінде Хан үкімет басшысы қызметінен кетті.

2023 жылғы тамызда сот Имран Ханды сыбайлас жемқорлық ісі бойынша кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айырды. Кейін оған тағылған өзге де айыптар бойынша бірнеше сот үкімі шығарылды.

Имран Хан өзіне қарсы қозғалған істердің саяси астары бар екенін бірнеше рет мәлімдеген. Оның айтуынша, Пәкістандағы қарсыластары Қытай және Ресеймен жақындасуға бағытталған дербес сыртқы саясатына байланысты оны биліктен кетіру үшін Вашингтонмен астыртын келісімге келген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қытай әуедегі нысандарды алыстан жоюға арналған гипердыбыстық қару әзірледі

Қытай әуе нысандарына қарсы зымырандарды алып жүріп, оларды алыс қашықтықтан ұшыруға мүмкіндік беретін гипердыбыстық маневрлі жауынгерлік блок технологиясын әзірледі. Бұл туралы дереккөздерге сілтеме жасаған Bloomberg хабарлады.

Тоқаев Құрылтай сайлауына байланысты құттықтау жолдаған шетелдік әріптестеріне алғыс айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір палаталы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауының өтуіне байланысты құттықтау жолдаған Ресей, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан және Тәжікстан басшыларына алғыс білдірді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық қор ел игілігіне қызмет етуі тиіс

Еуразия24 Құрылтай сайлауынан кейін айтылған ең маңызды мәлімдемелердің біріне назар аудармай өте алмайды. Әзірге бұл бастама жүзеге асқан жоқ, алайда оның алдағы уақытта қолға алынуы мүмкін екені жария етілді. Оның үстіне бұл туралы Мемлекет басшысының өзі айтты. Сондықтан мәселенің нақты шешімге ұласуы әбден мүмкін.

Тоқаев Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өткенін айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел тарихында алғаш рет өткен Құрылтай – бір палаталы парламент депутаттарын сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын мәлімдеді.