Евразия24Күнбе күнМәжіліс ғылым мәселелері жөніндегі заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс ғылым мәселелері жөніндегі заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

|

|

Қазақстанда дәрілік заттарды тіркеу мерзімі екі есеге қысқаруы мүмкін

Астана. 25 ақпан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күнгі пленарлық отырыста «Ғылым мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасын депутаттар бастамашылық еткен. Ол ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің негіздерін жетілдіруге бағытталғанын мәжілісмен Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

Құжатта ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің мәртебесі айқындалып, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, академиялық еркіндік пен шығармашылық еркіндікке кепілдік беру көзделген.

Түзетулер Азаматтық, Қылмыстық-атқару, Еңбек, Әлеуметтік, Бюджет кодекстеріне, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске, сондай-ақ бірқатар заңдарға енгізіледі.

Атап айтқанда, денсаулық сақтау саласында жоғары технологиялық медициналық көмектің бірыңғай стандарттарын қамтамасыз ететін, диагностика дәлдігін арттыратын және әдістемелік қолдау көрсететін референс-орталықтар құру қарастырылған.

Сонымен қатар дәрілік заттарды тіркеу және қайта тіркеу тәртібі кешенді мемлекеттік қызмет форматына оңтайландырылып, халыққа қажетті дәрілер мен медициналық бұйымдардың отандық нарыққа шығу үдерісін жеделдетуге мүмкіндік береді.

«Дәрілік заттарды тіркеу мерзімі едәуір қысқарады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркеу рәсімі 210 күнге дейін созылады, ал іс жүзінде бұл процесс одан да ұзаққа созылуы мүмкін. Ұсынылған нормалар мерзімді 100 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді», – деді Аймағамбетов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, дәрілік препараттардың сапасына бақылау күшейтіледі.

Ғылыми зерттеулер саласында да бірқатар өзгерістер ұсынылған.

«Ғылыми жобалар конкурстарының нәтижелерін жариялау мерзімі заңмен нақты бекітіледі. Қазіргі таңда бұл мерзімдер реттелмеген, соның салдарынан рәсімдер созылып, ғалымдар белгісіздік жағдайында қалады. Біз нәтижелерді белгіленген мерзімде жариялауды міндеттейтін норманы енгізіп отырмыз», – деді депутат.

Құжатта ғылыми қызметкерлердің еңбек құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету де қарастырылған.

«Мемлекеттік тапсырысты орындайтын барлық ғылыми қызметкерлерге, оның ішінде жеке ұйымдарда жұмыс істейтін мамандарға 56 күндік ақылы демалыс беру көзделеді. Ғылымда мемлекеттік және жекеменшік зерттеу деп бөліну болмайды, талаптар бірдей, демек құқықтар да тең болуы тиіс», – деп түсіндірді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев әлеуметтік саладағы заңсыздықтарға, әсіресе мүгедектік рәсімдеуге назар аударды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде мүгедектігі бар азаматтар санының өсуіне назар аударып, әлеуметтік салада жеңілдіктерді негізсіз пайдалану жағдайлары бар екенін айтты.

Пәкістан Иранмен энергия тасымалы мен кеме қатынасы мәселесін талқылады

Пәкістан Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Исхак Дар Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесіп, энергия ресурстарын жеткізу мен теңіз арқылы жүк тасымалына кедергі келтірмеу қажеттігін айтты. Бұл туралы Dawn басылымы Пәкістан СІМ мәлімдемесіне сүйеніп хабарлады.

Оңтүстік Корея Таяу Шығыста АҚШ-пен ынтымақтасудың жолдарын қарастырып жатыр

Оңтүстік Корея Таяу Шығыстағы қауіпсіздік мәселелері бойынша АҚШ-пен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын, алайда өңірге әскер жіберуді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы сенбі күні «Рёнхап» агенттігі Оңтүстік Корея президенті әкімшілігінің өкіліне сілтеме жасап хабарлады.

Гренландияда АҚШ-тың 150-ге жуық әскери қызметкері бар

Қазір Гренландияда тұрақты орналасқан АҚШ әскери контингентінің құрамында шамамен 150 әскери қызметкер бар. Бұл Пентагон деректерінде көрсетілген.