Евразия24Ушыққан мәселеТең де емес, қатар да емес...

Тең де емес, қатар да емес…

|

|

Бұл өткен мәселе болғанымен, Референдум қарсаңында мемлекеттік кеңесші Ерлан Кариннің YouTube-арнасында екі бейнеролик жарияланған еді: «Новая Конституция: системное обновление страны и общества» және «Жаңа Конституция: ел мен қоғамның жүйелі жаңғыруы».

Екі роликтің бейнеқатары мен мазмұны негізінен бірдей, тек бір бөлігі ғана өзгеше. Бұл – сол кезде «тек техникалық әрі елеусіз нақтылау» ретінде сипатталғанымен, іс жүзінде айтарлықтай назар аудартқан тұс. Бұл мәселе Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де талқыланған. Әңгіме мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ресми түрде қолданылатын орыс тілінің мәртебесіне енгізілген өзгеріс туралы болып отыр: бұрын «тең қолданылатын» («наравне») деп көрсетілсе, кейін «қатар қолданылатын» («наряду») деп өзгертілді. Бұған қатысты ақпарат орыс тіліндегі бейнероликте мүлде жоқ. Сол себепті қазақ тіліндегі нұсқа (тайм-код – 17:30) үш минутқа ұзақ.

Осылайша, Мемлекеттік кеңесші өзінің аудиторияға арналған ресми үндеуінде қазақ және орыс тілдерін не тең дәрежеде, не қатар қолданбағаны байқалады. Керісінше, ақпаратты белгілі бір бөліктерін алып тастау арқылы, іріктеп ұсынған деуге болады.

Әрине, біз конституциялық заңнаманы өз түсінігімізге сүйене отырып, бір мемлекеттік кеңесшінің екі тілді осылайша, алғашқы қарағанда түсініксіз көрінетін түрде қолдануына қатаң құқықтық тұрғыдан негіздеме де келтіре аламыз. Ол мынадай: егер Конституция мәтінін мұқият оқысаңыз, орыс тілі мемлекеттік қазақ тілімен қатар мемлекеттік билік органдарында емес, мемлекеттік ұйымдарда – яғни түрлі кәсіпорындар мен мекемелерде, мысалы мектептер мен ауруханаларда ресми түрде қолданылады.

Ал мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелердің айырмашылығы мынада: біріншісі билік өкілеттігіне ие және сәйкесінше екіншіні құруға, ұйымдастыруға құқықтары мен мүмкіндіктері бар. Ал екіншісі, өз кезегінде, біріншіге бағынышты болады.

Енді бәрі түсінікті бола бастағандай: Мемлекеттік кеңесші мемлекеттік билік органдары жүйесіне кіреді және әртүрлі мемлекеттік ұйымдардан жоғары тұрады. Тиісінше, бұрынғы Конституцияның 7-бабы мен жаңа Негізгі заңның 9-бабының нормалары оған тікелей арналмаған деуге болады, сондықтан ол тілдерді өз қалауынша қолдана алады.

Алайда мұнда бір түйткіл бар: егер елімізде мемлекеттік тіл тек қазақ тілі болса, онда неге мемлекеттік кеңесші орыс тілін қолданады, әрі оны белгілі бір бөліктерін алып тастай отырып пайдаланады?

Жалпы, мемлекеттік органдарда, депутаттар мен министрлердің сөздерінде орыс тілін қолдану Конституция талаптарына қаншалықты сай? Дегенмен бұл мәселені қазір қозғамай-ақ қойған жөн шығар. Әйтпесе әңгіме басқа жаққа ауып кетуі мүмкін.

«Тең» мен «қатар» сөздерінің айырмашылығын депутат Пономарев «стақандар ойыны» арқылы әсерлі түрде түсіндіргенімен де, бұл бізді дұрыс қорытындыға алып келді деу қиын.

Қысқасы, мәселені тарқатамыз деп жүріп, өзіміз де шатасқандаймыз. Бәлкім, Мемлекеттік кеңесші бәрін өзі түсіндіріп берер.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Иран Пикакс тауындағы жерасты нысанының қорғанысын күшейтіп жатыр

Иран Пикакс тауының астындағы ядролық бағдарламамен байланыстырылатын нысанның кіреберістерін қосымша бекіте бастаған. Вашингтондағы Ғылым және халықаралық қауіпсіздік институты (ISI) 11 қыркүйекте түсірілген спутниктік суреттерді зерттеп, осындай қорытындыға келді.

SpaceX 28 қыркүйекте Starship-ті алғаш рет Жер орбитасына ұшырады

Ай мен Марсқа адам ұшыру үшін жасалып жатқан Starship ғарыш кемесі 28 қыркүйекте алғаш рет Жер орбитасына шығады. SpaceX мәліметінше, бұл жолы кеме бұған дейінгі сынақтардағыдай суборбиталық бағытпен шектелмей, Жерді толық айналып ұшады.

Азия қор нарықтарының басым бөлігі өсіп жатыр

Жұма күні Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі қор индекстерінің басым бөлігі жоғарылап келеді. Австралия нарығында ғана аздаған төмендеу байқалды.

Еурокомиссия Украинаға дрондар мен зымырандар сатып алуға 3,3 млрд еуро бөледі

Еуропалық комиссия Украинаға қару-жарақ сатып алуға 3,3 млрд еуро аударатынын мәлімдеді. Қаражат Украинаға қолдау көрсетуге арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасы аясында жұма күні Киевке беріледі.