Евразия24ЖаңалықтарИран әскери операция басталғалы бері Израильге 400 баллистикалық зымыран ұшырған – ЦАХАЛ

Иран әскери операция басталғалы бері Израильге 400 баллистикалық зымыран ұшырған – ЦАХАЛ

|

|

Иерусалим. 22 наурыз. ИНТЕРФАКС – Иран америкалық-израильдік әскери операция басталғалы бері Израиль аумағына 400 баллистикалық зымыран ұшырды, олардың 92%-ы атып түсірілген. Бұл туралы Израиль қорғаныс армиясы – ЦАХАЛ мәлімдеді.

ЦАХАЛ өкілі подполковник Надав Шошанидің айтуынша: «Иран 400-ден астам  баллистикалық зымыран ұшырды. Бізде тосқауыл қою көрсеткіші өте жоғары – шамамен 92%».

ЦАХАЛ дерегінше, жексенбі күні Израильдің әуе қорғаныс жүйелері Иранның зымырандық шабуылдарының төрт толқынын сәтті тойтарған.

Сонымен қатар, сенбі күні ирандық зымырандар Димона және Арад қалаларына түскен. Соның салдарынан 180-нен астам адам зардап шеккен.

Бұл екі қала да Израильдің ядролық орталығына жақын орналасқан. Иран билігінің мәлімдеуінше, дәл осы нысан шабуылдың негізгі мақсаты болған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда алаяқтықпен күресу үшін қоңырауларды таңбалау енгізілмек

Қазақстан Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күнгі жалпы отырыста «Телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Қазақстан шетелдік радиоактивті қалдықтарды әкелуге тыйым салмақ

Қазақстан Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күнгі жалпы отырыста «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Қазақстан Мәжілісі педагог мәртебесін арттыру туралы заңды қабылдады

Қазақстан Парламенті Мәжілісі сәрсенбі күнгі жалпы отырыста «Педагог мәртебесі және білім беру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екінші оқылымда қарап, қабылдады.

БҰҰ-ның Халық қоныстануы саласындағы қорының басшысы Алматыда Орталық Азияға арналған ЮНФПА хабы ашылатынын мәлімдеді

Алматыда БҰҰ-ның Халық қоныстануы саласындағы қорының (ЮНФПА) Орталық Азия хабы ашылады. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, ЮНФПА-ның атқарушы директоры Диене Кейта Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы Ермек Көшербаевпен кездесу барысында мәлімдеді.