Евразия24ЖаңалықтарТоқаев альпинизм мен тау туризмін дамытуға ерекше мән беруді тапсырды

Тоқаев альпинизм мен тау туризмін дамытуға ерекше мән беруді тапсырды

|

|

Астана, 27 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде альпинизм мен тау туризмін дамыту бойынша нақты іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу қажет екенін мәлімдеді.

«Таулар адамға төзімділік пен тәртіпті үйретеді. Биікке ұмтылған сайын адам рухани шыңдалады. Сондықтан альпинизм мен тау туризмі – көшбасшыларды қалыптастыратын, қоршаған ортаға жауапкершілік сезімін тәрбиелейтін өмір мектебі. Бұл құбылысты жан-жақты қолдап, оны жастар тәрбиесінің маңызды негізіне айналдыру қажет», – деді Президент әйгілі альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсыру рәсімінде.

Мемлекет басшысы Үкімет пен салалық министрлікке альпинизмді спорт ретінде және заманауи тау туризмін жүйелі түрде қолдау міндетін жүктеді.

«Мемлекеттік қаржыландыру мен демеушілік қаражатты тарта отырып, нақты іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу қажет. Бұл бағыт мемлекет тарапынан назардан тыс қалмайды», – деді Тоқаев.

Президент Ерванд Ильинскийдің отандық және әлемдік альпинизмге қосқан үлесін ерекше атап өтті.

«Сіз әлемнің ең биік шыңдарын бағындырған тәжірибелі альпинист, халықаралық жарыстардың жеңімпазы ретінде кеңінен танылдыңыз. Эверестке көтеріліп, “Жеті шың” клубына енген алғашқы қазақстандық болдыңыз. Сіздің жетекшілігіңізбен Қазақстан құрамасы әлемде алғаш болып барлық 14 сегізмыңдықты бағындырды – бұл бірегей жетістік», – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев сондай-ақ Ильинскийдің жаттықтырушы ретіндегі еңбегін жоғары бағалап, оның жүзден астам спорт шеберін дайындағанын атап өтті.

Президент марапатты табыстап, ардагер альпинистке зор денсаулық, амандық және жаңа жетістіктер тіледі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан ЕАЭО елдеріне жасанды интеллект саласында ынтымақтастық ұсынды

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер заманауи технологияларға бейімделуі тиіс, оның ішінде кедендік әкімшілендіру, логистика, өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешенінде жасанды интеллектті қолдану маңызды.

Шымкентте Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген отырысы басталды

Жұма күні Шымкент қаласында Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустин қатысып отырған Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы басталды.

Қазақстан Парламенті Алатау қаласының арнайы құқықтық режимі туралы конституциялық заңды қабылдады

Қазақстан Парламенті (Мәжіліс пен Сенат) жұма күні өткен бірлескен отырыста «Алатау қаласының арнайы құқықтық режимі туралы» конституциялық заңды екінші оқылымда қарап, қабылдады.

Бектенов ЕАЭО елдерінің сыртқы саудасы мен ЖИ мәселелерін талқылауды ұсынды

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮК) шағын құрамдағы отырысында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің сыртқы сауда мәселелерін және жасанды интеллектті дамыту бастамасын талқылауды ұсынды.