Евразия24Ушыққан мәселеЖеңістен жеңіске

Жеңістен жеңіске

|

|

АҚШ-қа баяғыда қоныс аударып, ол жаққа әбден сіңісіп кеткен бұрынғы отандасымыз Тимур Сейтмұратов өзінің парақшасында Америкадағы өмір мен ондағы барлық нәрсенің қандай тамаша жолға қойылғаны туралы үнемі көтеріңкі көңіл-күйдегі жазбалар жариялап тұрады. Тимур Борисовичке қазақстандық аудиториямен мұндай қарым-қатынас өте қажет сияқты, ал бізге де оны оқу қызық.

Дональд Трамп билікке келгелі бері ол нағыз «трампшылға» айналды, соған орай оның Фейсбук-жазбаларындағы жалынды жігер тіпті еселене түскендей. Негізі Дональд Трамптың өзі де белсенді блогер, ол бізде, Қазақстанда және бүкіл әлемде одан да танымал. Бірақ олардың екеуін де біріктіретін нәрсе — Америка Құрама Штаттарының ішінде не болып жатқанын және Штаттардың бүкіл әлемде «Жеңістен Жеңіске» стилінде жасап жатқан істерін насихаттау.

Тимур Сейтмұратов өткен жазбаларының бірінде Біріккен Әмірліктердің де «қытайлық ескерту» саясатынан нақты іске көшуге бел буғанын салтанатты түрде хабарлады: «БАӘ билігінің Иран азаматтары үшін визаның барлық түрлерін (резиденттік және келушілерге арналған) жоюы (елден 800 мыңнан астам ирандық депортациялануы мүмкін) және одан кейін Дубай аумағындағы Иранның барлық активтерін бұғаттауы (ал бұл әртүрлі мәліметтер бойынша кем дегенде $500 млрд!) — Әмірліктер тарапынан жасалатын басты әрі шешімді қадамға дайындық болды. Иранның агрессивті әрекеттеріне қатысты Әмірліктердің де шыдамы таусылды».

Бұдан әрі жазбада (WSJ басылымына сілтеме жасай отырып) Біріккен Араб Әмірліктерінің Иран тарапынан бұғатталған Ормуз бұғазын күшпен ашу үшін АҚШ пен оның одақтастарына көмектесуге дайындалып жатқаны айтылған. Егер бұл жүзеге асатын болса, БАӘ Парсы шығанағындағы Иранға қарсы әскери қимылдарға қатысқан алғашқы ел болмақ.

Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер министрлігі «Ормуз бұғазында кеме қатынасының еркіндігін сақтауды қолдайтын кең халықаралық консенсус» туралы мәлімдеді. БАӘ-нің бұл жаңа ұстанымы елдің стратегиялық бағытындағы түбегейлі бетбұрысын білдіреді…

Сондай-ақ Сауд Арабиясы мен Шығанақтағы басқа да елдер ирандық режимге қарсы екенін және ол әлсірегенге немесе құлағанға дейін соғыстың жалғасқанын қалайтыны айтылған…

Негізі, мұны бастан-аяқ баяндап жатудың қажеті жоқ, сілтеме арқылы өтіп, бәрін өздеріңіз оқи аласыздар. Сонымен, Парсы шығанағындағы жағдай барлық қатысушылардың «шыдамы шегіне жеткен» нағыз шиеленісті кезеңге келді!
Егер Иран өзінің бұрыннан келе жатқан қаржылық айлағы — Дубаймен бірге шын мәнінде бес жүз миллиард долларынан айырылатын болса, бұл онсыз да бомба астында қалған Иран экономикасы үшін өте ауыр әрі қиын соққы болмақ.

Дегенмен, мұндай соққы аятоллалар режимін құлатып, Ормуз бұғазын ашып береді деп кім айтты? Керісінше, бұл жағдайды одан сайын тығырыққа тірейді. Ал ол тығырықтан шығудың жалғыз жолы бар: Таяу Шығыстағы Шығанақ елдері мен жаһандық ойыншылардың мүдделер теңгерімін бұдан былай америкалық орталықтандыруға негіздемей, берік бейбітшілік орнату. Ал бұған бомбалау мен қаржылық санкциялар арқылы қол жеткізу мүмкін емес. Иранға құрлық әскерімен басып кіру арқылы тіпті де нәтиже шықпайды.

Сонымен қатар, өткен ғасырдың 70-ші жылдарының басында АҚШ доллары алтын стандартынан ажыратылғаннан кейін, әлемдік валютаның «мұнай-долларынан» басқа ештеңе емес екенін ұмытпайық. Бұл ретте, доллар жалпы кез келген мұнайға емес, дәл осы Парсы шығанағынан шығатын мұнайға тікелей байланған.

Тағы бір айта кететін жайт: Ормуз бұғазы қазір жартылай ашық — бірақ ол жерден «мұнай-долларына» емес, мәселен, юаньмен төленетін мұнай тиелген танкерлер өтіп жатыр. Демек, егер БАЭ шын мәнінде Иранды долларынан айыруға бел буса, бұл тек жаңа көпвалюталы әлемге өту процесін жеделдете түспек.

Дегенмен, Фейсбуктегі жалынды жігерді сақтап, әлемге дәстүрлі америкалық оптимизммен қарау — бұл бізге тән қасиет!

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстандағы конституциялық және парламенттік реформа: институционалдық тәуекелдер, билік теңгерімі және орнықтылық механизмдері

Мемлекеттік басқару жүйесінде, жоғары заң шығарушы органда, квазимемлекеттік секторда, халықаралық ұйымдар мен партияда көп жылдар бойы атқарған қызметім барысында мемлекеттің тұрақтылығы тек реформалардың мазмұнына ғана емес, сонымен бірге олардың институционалдық тұрғыдан жүзеге асырылу сапасына, биліктің барлық тармақтарының өкілеттіктері мен жауапкершілігінің теңгеріміне де тікелей байланысты екеніне көз жеткіздім. Мақалада ұсынылған пайымдаулар мен қорытындылар жалаң сынға емес, еліміздегі конституциялық және парламенттік реформалардың мемлекет тиімділігін, қоғамның сенімін және елдің ұзақ мерзімді тұрақтылығын нығайтуға ықпал етуіне деген кәсіби мүдделілікке негізделген.

Экономикалық пайда мен қауіпсіздік арасындағы тепе-теңдік

Қазақстанның Ресейден үшінші елдерге жануарлардан алынатын өнімдерді импорттау мен транзиттеуге қатысты шектеулерді алып тастауы — ел экономикасындағы қаржы ағындары мен өңірлік логистикалық тізбектердің қалпына келуін білдіреді.

Көлік айыппұлдарының кешірілуі: жеңілдік кімге беріледі?

Әкімшілік рақымшылық мәселесіне қатысты пікір білдіре отырып және «құқық бұзушылықтарды кешіру» заң талаптарын елемейтін азаматтар арасында жазасыздық сезімін қалыптастыруы мүмкін деген тәуекелді бір сәт назардан тыс қалдырсақ, бұл бастаманы бір реттік шара ретінде орынды шешім деуге болады.

Әуе таксиі дәуірі келе жатыр

Белгілі болғандай, Алатау қаласын салу аясында Қазақстанда әуе таксиі мен туристік нысандар орналасатын квадропорттар пайда болуы мүмкін. Жобаның алғашқы сынақтарын алдағы 2–3 жыл ішінде өткізу жоспарланып отыр.