Евразия24ЖаңалықтарОлжас Бектенов транзиттік-көлік әлеуетін дамыту жобаларындағы бірқатар мәселелерді атап өтті

Олжас Бектенов транзиттік-көлік әлеуетін дамыту жобаларындағы бірқатар мәселелерді атап өтті

|

|

Астана. 13 сәуір. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов транзиттік-көлік саласын дамыту жөніндегі президент тапсырмаларының орындалу барысына арналған кеңес өткізді, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Хабарламада айтылғандай, Премьер-министр шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстарының баяу жүргізіліп жатқанын сынға алып, тиісті қарқынның жоқ екенін атап өтті. Осыған байланысты барлық операциялық үдерістерді жеделдету тапсырылды.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы Бақты – Аягөз теміржол желісінің құрылысына ресурстардың жеткілікті деңгейде жұмылдырылмағанын айтты. Нысанның техникамен және жұмыс күшімен толық қамтамасыз етілмеуі жобаның жүзеге асуына кедергі келтіріп отырғаны атап өтіліп, тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Бектенов теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстарының да баяу жүріп жатқанын сынға алып, құрылыс-монтаждау жұмыстарын ағымдағы жылы аяқтауды тапсырды.

Бұдан бөлек, кеңес барысында Ақтау – Баку бағыты бойынша қатынайтын 6 контейнер тасымалдаушы кемені сатып алу рәсімдерінің созылып кеткеніне назар аударылып, жаңа көлікті аталған бағытқа шығару жұмыстарын жеделдету тапсырылды.

Сондай-ақ, шағын авиацияға арналған әуе кемелерін сатып алу мәселелерінде де кемшіліктер бар екені айтылды. Осыған байланысты мұндай әуе кемелеріне мұқтаж авиакомпаниялар үшін қаржыландыру тетіктерін жетілдіру тапсырылды.

«Жұмыстың қарқынын жеке өзім бақылауда ұстаймын. Біздің міндет – барлық бағыт бойынша күш-жігерді жұмылдыру», – деді Премьер-министр.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ ӘТК жойғыш ұшағы Иран портынан шыққан сауда кемесіне зымыранмен соққы берді

АҚШ Қарулы күштері Иранға қойылған теңіз қоршауын бұзуға әрекеттенген Панама туы астындағы сауда кемесіне зымыранмен соққы берді. Бұл туралы АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) хабарлады.

Эр-Рияд әуежайына жасалған соққыдан 12 адам қаза тауып, 300-ден астам адам жараланды

Хуситтердің Эр-Риядтағы Король Халид атындағы халықаралық әуежайға жасаған соққысынан 12 адам қаза тауып, 309 адам жараланды. Бұл туралы Сауд Арабиясының азаматтық авиация басқармасы хабарлады.

АҚШ-та «Исайас» дауылынан төрт адам қаза тапты

«Исайас» дауылы алдымен Флоридаға, кейін Алабамаға соғып, салдарынан кемінде төрт адам қаза тапты, жүздеген мың тұрғын жарықсыз қалды. Бұл туралы жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасаған The New York Times хабарлады.

АҚШ конгрессмені Фитцпатрик Ресейден дизель отынын жеткізуге тосқауыл қоюды көздеп отыр

АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасындағы республикашыл Бен Фитцпатрик Ресейден жанармай сатып алуға тыйым салатын заң жобасын қарауға ұсынатынын мәлімдеді.