Евразия24ЖаңалықтарБАӘ компаниясы кемелердің бағытын жасыру арқылы Ормуз бұғазынан газ тасымалдауды жалғастыруда

БАӘ компаниясы кемелердің бағытын жасыру арқылы Ормуз бұғазынан газ тасымалдауды жалғастыруда

|

|

Вашингтон. 7 мамыр. ИНТЕРФАКС — Біріккен Араб Әмірліктерінің «Abu Dhabi National Oil» (Adnoc) мемлекеттік мұнай-газ компаниясы Ормуз бұғазындағы блокадаға қарамастан, сұйытылған табиғи газ (СТГ) экспортын тоқтатқан жоқ. «Bloomberg» агенттігінің бейсенбі күнгі хабарлауынша, компания танкерлердің нақты орналасқан жерін жасыру арқылы газ тасымалының шағын ағынын сақтап отыр.

Агенттіктің кемелерді бақылау деректері мен жеке дереккөздеріне сүйенсек, жуырда Дас аралындағы Adnoc айлағынан жүк тиеген кемінде екі танкер Ормуз бұғазынан өту үшін бағыт-бағдар беру жүйесін өшіріп тастаған. Бұл әрекет аймақта соғыс басталғаннан кейін жүктерді қауіпсіз алып шығу үшін жасалған.

Спутниктен түсірілген суреттер кемелердің терминал маңында тұрғанын растайды. Алайда бірде-бір танкер өз координаттарын жариялап отырған жоқ. Сонымен қатар, кеме қатынасының мониторингі Adnoc-тың тағы үш бос танкері бұғаздың шығыс кіреберісіне жеткен соң сигнал беруді тоқтатқанын анықтады.

Дереккөздердің айтуынша, бұл кемелер Парсы шығанағына байқатпай кіріп, жүк тиеу үшін бағыттарын әдейі жасырып отыр.

Ормуз бұғазы 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери қимылдары басталғалы бері іс жүзінде жабық тұр. Қазіргі уақытта Иран да, АҚШ та әлемдік энергия ресурстарының бестен бір бөлігі өтетін осы су жолын бірдей блокадаға алған.

«Bloomberg» мәліметінше, энергетикалық компаниялардың түрлі айла-шарғыларына қарамастан, жеткізілім көлемі соғысқа дейінгі деңгейден әлдеқайда төмен. Қазіргі таңда күніне орта есеппен тек үш жүк кемесі ғана жөнелтіліп жатыр.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстанда жасөспірімдердің әлеуметтік желіге тіркелу тәртібі қатаңдатылуы мүмкін

Үкімет қолданыстағы заңға 16 жасқа толмаған азаматтардың онлайн-платформаларға тіркелу тәртібін реттейтін түзетулер әзірледі. Қазір бұл өзгерістер Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының қарауында.

Татьяна Савельеваның Қорғаныс министрлігіне тағайындалуы: бұл шешімнің мәні неде?

Бүгін Қорғаныс министрінің орынбасары болып Татьяна Савельева тағайындалды. Ол – тәжірибелі қаржыгер, ұзақ жыл бойы бюджет мәселелеріне жауапты қаржы вице-министрі қызметін атқарған, кейін Мәжілістің бюджет комитетін басқарған маман.

Венесуэла алтыны: өзгелерге сабақ болған оқиға

Венесуэланың резервіндегі 31 тонна алтынның Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі тек оның сақталатын құқықтық кеңістігін өзгертеді. Ал Каракас үшін жағдай сол күйінде қалды: ел өзіне тиесілі алтынға қол жеткізе алмай отыр. Венесуэла билігінің алтын қорын елге қайтару әрекеттерінің нәтижесіз аяқталуы басқа мемлекеттерге де маңызды сабақ болды – стратегиялық резервті өз аумағында сақтау анағұрлым қауіпсіз. Осыдан кейін Ұлыбритания қоймаларында алтын сақтайтын бірқатар ел бағалы металды өз аумағына қайтару ісін жандандыра түсті.

Қазақстандық дарынды оқушылар халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетудеҚазақстандық дарынды оқушылар халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетуде

Азамат Аймұратовтың жетістігіне қуаныштымыз. Сонымен бірге 2026 жылы қазақстандық оқушылар түрлі зияткерлік бағыттарда жоғары нәтиже көрсетіп жүргенін де атап өткен жөн. Халықаралық математика олимпиадасында Қазақстан құрамасы үш күміс және үш қола медаль иеленді.