Евразия24Еуразия патриоттарыТМД және ШЫҰ: Нақты нәтижеге бағытталған интеграция

ТМД және ШЫҰ: Нақты нәтижеге бағытталған интеграция

|

|

ТМД Атқарушы комитетінің хабарлауынша, Достық ұйымының Бас хатшысы Сергей Лебедев ТМД-ның Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) және Еуразиялық экономикалық одақпен (ЕАӨО) саяси әрі экономикалық жақындасуы Еуразия құрлығындағы қауіпсіздік пен тұрақты дамудың басты шарты екенін мәлімдеді. С. Лебедев ШЫҰ-ның ТМД жанында бақылаушы мәртебесі бар екенін және бұл екі ұйымның жиырма жылдан астам уақыт бойы табысты бірлесіп жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті. «Мұндай ірі ойыншылардың саяси жақындасуы бүкіл Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздікті тікелей нығайтады», — деді Бас хатшы. Дегенмен, тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін саяси уағдаластықтарды нақты нәтижелерге ұластыру қажет. Осы орайда ол 2030 жылға дейінгі серіктестіктің негізгі басымдықтарын атап көрсетті: ауқымды өнеркәсіптік кооперацияны дамыту; тауар айналымын әртараптандыру; өзара есеп айырысуда ұлттық валюталардың үлесін арттыру; тұрақты, тәуелсіз және тікелей көлік дәліздерін құру.

Еуразия24 пікірі:

ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедевтің «ұйым 2030 жылға қарай ШЫҰ-мен серіктестік аясында нақты нәтижелерге көшуі керек» деген мәлімдемесін оқығанда, көкейде бірқатар сауалдар туындады. Біріншіден, өнеркәсіптік кооперация, көлік дәліздері мен ұлттық валютада есеп айырысу мәселелеріне ТМД-ның қандай қатысы бар? Өйткені бұл бағыттармен негізінен ЕАЭО мен ШЫҰ айналысады, ал ТМД экономикалық интеграцияға жауап бермейтін, тек саяси-консультативтік алаң ретінде белгілі. Екіншіден, Достық ұйымының форматы өзгерген бе? Жауап қарапайым және ол ұйымдардың құрамында жатыр. ЕАЭО-ға бес-ақ ел (Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан) кірсе, ШЫҰ құрамында Қытай, Үндістан, Пәкістан, Иран сияқты ірі мемлекеттер бар. Ал ТМД Орталық Азия, Кавказ және Шығыс Еуропаның дерлік барлық посткеңістіктегі елдерін біріктіреді. Демек, ТМД-ның экономикалық интеграцияға араласуы — қатысушылар ауқымын барынша кеңейтуге деген талпыныс. Бірақ С. Лебедев атаған міндеттердің көбі ТМД-ның делдалдығынсыз-ақ, ЕАЭО мен ШЫҰ арасында тікелей әрі табысты талқыланып келеді. Сондықтан функциялардың қайталануы және Евразияда күн тәртібі ұқсас интеграциялық алаңдардың тым көбейіп кеткені туралы мәселе өте орынды. Дегенмен, ТМД-ның ЕАЭО-да жоқ бір артықшылығын ұмытпаған жөн: Достық ұйымында маңызды позицияларды келісу үшін қатысушыларға үлкен міндеттемелер жүктелмейді. Ал ЕАЭО-да шешім қабылдау кезінде ұлтүсті органдарының өкілеттігі өте кең. Яғни, ТМД деңгейінде мемлекеттердің еркіндігі ЕАЭО-ға қарағанда біршама жоғары.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

«Келешектің» болашағы қандай?

 Ұлттық байлықтың игілігін болашақ ұрпақпен бөлісу – дұрыс әрі әділетті идея. Бірақ кез келген ауқымды әлеуметтік бастама  ерте ме, кеш пе бюджеттің қатаң есепке тіреледі: қанша қаражат қажет, ол қайдан алынады және мемлекет қабылдаған міндеттемені 10–20 жылдан кейін де орындай ала ма? Бүгінде «Ұлттық қор – балаларға» және «Келешек» бағдарламалары қатар жұмыс істейді. Екеуінің де түпкі мақсаты ұқсас – баланың болашағына капитал қалыптастыру. Сондықтан ендігі мәселе – осы екі тетікті бір-бірінен бөлек ұстай беру керек пе, әлде оларды бір тиімді жүйеге біріктіруге бола ма? Спойлер ретінде айта кетейік: шешім табылды, ол күрделі пайыздың сиқырында және үшінші бала дүниеге келгенде отбасыларды қолдауда жатыр.

Еуропада аптап ыстықтан 50 мыңнан астам адам көз жұмды

2026 жылдың жазында Еуропаның 900-ге жуық қаласында аптап ыстықтың салдарынан 50 мыңнан астам адам қайтыс болды. Бұл туралы Лондон Империялық колледжінің Грэнтэм институты жариялаған баяндамада айтылған.

Алдағы уақытта келіссөздерге Еуропа елдерінің өкілдері де қатысуы мүмкін

Қарашаның бірінші жартысында Абу-Дабиде өтуі жоспарланған Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жөніндегі келіссөздер үшжақты форматта ұйымдастырылады. Алайда алдағы уақытта қауіпсіздік мәселелерін талқылауға Еуропа елдерінің өкілдері де қатысуы мүмкін. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

Тайваньда «Чампи» тайфунына байланысты мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді

Тайвань аралына жақындап келе жатқан «Чампи» тайфунына байланысты мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы жұма күні Азияның бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.