Евразия24ЖаңалықтарСи Цзиньпин мемлекеттік сапармен КХДР-ға келді

Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен КХДР-ға келді

|

|

Бейжің. 8 маусым. ИНТЕРФАКС – Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен Солтүстік Кореяға келді. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

«Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы әрі ҚХР төрағасы дүйсенбі күні мемлекеттік сапармен Пхеньянға келді», – делінген агенттік хабарламасында.

Қытай бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, сапарға дайындық аясында Пхеньян көшелерінде Си Цзиньпиннің портреттері мен екі елдің мемлекеттік тулары ілінген.

Сондай-ақ қала бойынша корей және қытай тілдерінде жазылған, екі мемлекет арасындағы достықты дәріптейтін баннерлер орналастырылған.

Биыл Пхеньян мен Бейжің арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттың жасалғанына 65 жыл толып отыр.

Си Цзиньпиннің Солтүстік Кореяға соңғы сапары жеті жыл бұрын, 2019 жылғы 20–21 маусымда өткен болатын.

Бұған дейін ҚХР төрағасының КХДР басшысы Ким Чен Ын шақыруымен 8–9 маусым күндері Солтүстік Кореяға баратыны хабарланған еді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

«Келешектің» болашағы қандай?

 Ұлттық байлықтың игілігін болашақ ұрпақпен бөлісу – дұрыс әрі әділетті идея. Бірақ кез келген ауқымды әлеуметтік бастама  ерте ме, кеш пе бюджеттің қатаң есепке тіреледі: қанша қаражат қажет, ол қайдан алынады және мемлекет қабылдаған міндеттемені 10–20 жылдан кейін де орындай ала ма? Бүгінде «Ұлттық қор – балаларға» және «Келешек» бағдарламалары қатар жұмыс істейді. Екеуінің де түпкі мақсаты ұқсас – баланың болашағына капитал қалыптастыру. Сондықтан ендігі мәселе – осы екі тетікті бір-бірінен бөлек ұстай беру керек пе, әлде оларды бір тиімді жүйеге біріктіруге бола ма? Спойлер ретінде айта кетейік: шешім табылды, ол күрделі пайыздың сиқырында және үшінші бала дүниеге келгенде отбасыларды қолдауда жатыр.

Еуропада аптап ыстықтан 50 мыңнан астам адам көз жұмды

2026 жылдың жазында Еуропаның 900-ге жуық қаласында аптап ыстықтың салдарынан 50 мыңнан астам адам қайтыс болды. Бұл туралы Лондон Империялық колледжінің Грэнтэм институты жариялаған баяндамада айтылған.

Алдағы уақытта келіссөздерге Еуропа елдерінің өкілдері де қатысуы мүмкін

Қарашаның бірінші жартысында Абу-Дабиде өтуі жоспарланған Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жөніндегі келіссөздер үшжақты форматта ұйымдастырылады. Алайда алдағы уақытта қауіпсіздік мәселелерін талқылауға Еуропа елдерінің өкілдері де қатысуы мүмкін. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

Тайваньда «Чампи» тайфунына байланысты мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді

Тайвань аралына жақындап келе жатқан «Чампи» тайфунына байланысты мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы жұма күні Азияның бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.