Евразия24ЖаңалықтарПремьер-министр коммуналдық және энергетика салаларындағы жөндеу жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды

Премьер-министр коммуналдық және энергетика салаларындағы жөндеу жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды

|

|

Астана. 28 шілде. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов коммуналдық және энергетика салаларында жоспарланған барлық жөндеу жұмыстарын биылғы жылдың соңына дейін аяқтап, жобаларды уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

«Өңірлерде ауқымды жөндеу науқандары басталды. Белгіленген мақсатты көрсеткіштерге уақытылы қол жеткізу үшін инфрақұрылымды жаңғырту қарқынын сақтап қана қоймай, оны одан әрі үдетуіміз қажет. Осыған байланысты өңір әкімдіктеріне екі апта ішінде биыл іске асырылып жатқан жобалар бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырамын. Өнеркәсіп және құрылыс, Энергетика, Ұлттық экономика министрліктерімен бірлесіп, жыл соңына дейін жоспарланған барлық жөндеу жұмыстарын аяқтауды қамтамасыз ету қажет», – деді Бектенов сейсенбі күні өткен Үкімет отырысында.

Сонымен қатар, оның айтуынша, өңірлерде келісімшарттарды уақытылы жасасу және жобаларды қаржыландыру мәселесі де негізгі басымдықтардың бірі болып қала береді.

«Бұл үшін облыс әкімдері жеке жауап береді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне инфрақұрылымдық жобалардың жобалау-сметалық құжаттамасына мемлекеттік сараптама жүргізу жұмысын жеделдетуді тапсырамын», – деді Премьер-министр.

Сондай-ақ ол биылғы 1 қыркүйекке дейін жаңа өндірістерді іске қосу және қолданыстағы өндірістерді кеңейту жөніндегі ықтимал оффтейк-келісімшарттарды жасасу жұмысын жеделдетуді тапсырды.

«Бұл мәселе Үкіметте бірнеше рет қаралғанымен, әлі күнге дейін түпкілікті шешімін тапқан жоқ», – деді Бектенов.

Премьер-министр инвестициялық жобалардың іске асырылуы қаржы институттары тарапынан қаражаттың уақытылы бөлінуіне тікелей байланысты екенін атап өтті. Осыған байланысты «Бәйтерек» холдингіне 1 қыркүйекке дейін биылғы жылдың соңына дейін ұсынылған барлық жобаны кідіріссіз қаржыландыруды қамтамасыз ету тапсырылды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Финляндиядағы сот Fitburg жүк кемесінің ресейлік капитанын 3,5 жылға бас бостандығынан айырды – БАҚ

Хельсинкидің аудандық соты Fitburg кемесінің капитаны, Ресей азаматы Андрей Максименконы Фин шығанағындағы кабельдерді зақымдау ісі бойынша 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, деп хабарлады бейсенбіде Yle телеарнасы.

Конгрессмен Масси келесі аптада Пентагон басшысы Хегсетке импичмент жариялау мәселесін дауысқа салмақ

АҚШ Өкілдер палатасының мүшесі, республикашыл Томас Масси Пентагон басшысы Пит Хегсетке импичмент жариялау мәселесін дауысқа шығаруды көздеп отыр.

Еуропа акция нарықтары сәрсенбіде сенімді өсіммен жабылды

Батыс Еуропа елдерінің қор индекстері сәрсенбідегі саудаларды сенімді өсіммен аяқтады, инвесторлар АҚШ Конгресіне өткен аралық сайлаудың нәтижелеріне баға берді. Ірі компаниялардың жалпыеуропалық Stoxx Europe 600 индексі 1,8%-ға өсіп, 657,4 тармаққа жетті, бұл 12 маусымнан бергі бір күндік ең жоғары өсім болды.

ЕО-ның жерасты газ қоймалары 74,07%-ға толды (бес жылдағы орташа деңгейден 15,77 пайыздық тармаққа төмен), газ алу қарқыны әдеттегіден баяу

Еуропаның жерасты қоймаларындағы газ қоры 3 қарашадағы газ тәулігінің қорытындысы бойынша 74,07%-ға дейін азайды, деп хабарлайды Gas Infrastructure Europe (GIE) еуропалық газ инфрақұрылымы операторларының қауымдастығы