Евразия24ЖаңалықтарАустралияның Орталық банкі болжамға сәйкес базалық мөлшерлемені 4,35% деңгейінде сақтады

Аустралияның Орталық банкі болжамға сәйкес базалық мөлшерлемені 4,35% деңгейінде сақтады

|

|

Сидней. 11 тамыз. ИНТЕРФАКС – Австралияның Резервтік банкі (RBA) қатарынан екінші отырысының қорытындысы бойынша негізгі пайыздық мөлшерлемені жылдық 4,35% деңгейінде өзгеріссіз қалдырды.

Орталық банктің директорлар кеңесі бұл шешімді бірауыздан қабылдады. Қазіргі мөлшерлеме 2025 жылғы қаңтардан бергі ең жоғары деңгейде тұр.

RBA ел экономикасының өсу қарқынының баяулауы болжамға сәйкес екенін мәлімдеді. Сонымен қатар тұтыну бағаларын тежеу қажет болған жағдайда мөлшерлеме қайта көтерілуі мүмкін.

«Директорлар кеңесі жоғары инфляцияның тұрақты сипат алуына жол бермеуге басымдық беріп отыр», – делінген Орталық банк хабарламасында.

Реттеушінің жаңартылған болжамы бойынша, инфляция 2027 жылдың екінші жартысында 2-3% нысаналы дәлізіне оралады. Екінші тоқсанда 3,9%-ға дейін жеделдеген тұтыну бағаларының өсімі биылғы жылдың соңына қарай 3,6%-ға, ал келесі жылдың соңында 2,6%-ға дейін баяулайды деп күтілуде.

Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан мұнай мен басқа да шикізат түрлерінің қымбаттауы бағаға қосымша қысым түсіріп отыр. Жанармай құнының өсуі өзге тауарлар мен қызметтердің бағасына да әсер етуде.

Австралияда базалық мөлшерлеме 2025 жылдың басында жылдық 4,35% деңгейіне жеткен болатын. Кейін мөлшерлеме үш рет төмендетіліп, 3,6%-ға дейін түсті. Алайда мұндай саясат өткен жылдың екінші жартысында инфляцияның қайта жеделдеуіне алып келді. Соған байланысты реттеуші биыл мөлшерлемені үш рет көтеріп, жалпы өсім 75 базистік тармақты құрады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қытайдағы ауа райының қолайсыздығына қарамастан туристік сұраныс тұрақты

Биыл жазда Қытай аумағында болған бірнеше тайфун туристердің турлардан бас тартуына немесе сұраныстың төмендеуіне әсер еткен жоқ.

Азия қор нарықтарында әркелкі динамика байқалдым

Азия-Тынық мұхиты өңірінің қор индекстері сейсенбідегі сауданы әртүрлі бағытта аяқтады. Жапон биржасы жумыс демалыста жұмыс істеген жоқ .

ЕО газ қоймаларындағы қор бес жылдық орташа деңгейден төмен

Еуропаның жерасты газ қоймаларындағы қор 9 тамыздағы газ тәулігінің қорытындысы бойынша 59,12%-ға дейін өсті.

Доллар негізгі валюталарға қатысты тұрақты, нарық статистикалық деректерді күтуде

Сейсенбі күнгі саудада АҚШ долларының еуроға, иенаға және фунт стерлингке шаққандағы бағамы айтарлықтай өзгерген жоқ.