Евразия24ЖаңалықтарАзия қор нарықтарында әркелкі динамика байқалдым

Азия қор нарықтарында әркелкі динамика байқалдым

|

|

Бейжің. 11 тамыз. ИНТЕРФАКС – Азия-Тынық мұхиты өңірінің қор индекстері сейсенбідегі сауданы әртүрлі бағытта аяқтады.

Жапония биржалары мемлекеттік мерекеге байланысты жұмыс істеген жоқ.

Қытайдың Shanghai Composite индексі 0,8%-ға, Гонконгтың Hang Seng индексі 1,1%-ға төмендеді.

Гонконг қор биржасында түсті және бағалы металл өндірушілердің акциялары айтарлықтай арзандады. Laopu Gold қағаздары 8,5%-ға, Zijin Mining 5,8%-ға, CMOC 5,2%-ға төмендеді.

Сондай-ақ Geely автоконцернінің акциялары 4,3%-ға, қысқа видеолар алмасуға арналған танымал сервистің операторы Kuaishou Technology 3,8%-ға, тұрмыстық электроника өндіруші Xiaomi (SPB: 1810) 3,5%-ға, интернет-ритейлер JD.com Inc. (SPB: JD) 3%-ға арзандады.

Ал мұнай саласындағы CNOOC акциялары 3,6%-ға, PetroChina Co. (SPB: 857) 1,8%-ға қымбаттады. Haidilao International мейрамханалар желісінің бағалы қағаздары 2,1%-ға, аккумулятор өндіруші CATL акциялары 1,6%-ға өсті.

Оңтүстік Кореяның Kospi индексі 0,7%-ға көтерілді.

Әлемдегі ірі чип және смартфон өндірушілердің бірі Samsung Electronics акциялары 4,1%-ға, тағы бір чип өндіруші SK Hynix қағаздары 0,4%-ға қымбаттады. Бір күн бұрын ел үкіметі жартылай өткізгіштер өнеркәсібін дамытуға қолдау көрсететін кезекті шараларды жариялаған болатын.

Сонымен қатар Hyundai Motor акциялары 1,2%-ға, аккумулятор өндіруші LG Energy Solution 3,5%-ға, болат өндіруші Posco 2,8%-ға, KB Financial Group 3%-ға арзандады.

Аустралияның S&P/ASX 200 индексі 0,2%-ға өсті.

Мұнай-газ компанияларының акциялары айтарлықтай қымбаттады. Santos қағаздары 5,4%-ға, Beach Energy 5,5%-ға, Woodside Energy 3,8%-ға өсті.

Әлемдегі ең ірі тау-кен компанияларының қатарындағы BHP мен Rio Tinto капиталдандыруы тиісінше 0,7% және 0,5%-ға артты.

Ал банк секторында кері динамика байқалды. Bank of Queensland акциялары 3,1%-ға, ANZ 1,3%-ға, Commonwealth Bank of Australia 0,2%-ға төмендеді.

Аустралияның резервтік банкі (RBA) негізгі пайыздық мөлшерлемені жылдық 4,35% деңгейінде сақтап қалды. Бұл – мөлшерлеме өзгеріссіз қалған қатарынан екінші отырыс. Орталық банктің директорлар кеңесі шешімді бірауыздан қабылдады.

Мөлшерлеме 2025 жылғы қаңтардан бергі ең жоғары деңгейде қалып отыр. Сарапшылардың басым бөлігі де сейсенбіде оның өзгермейтінін болжаған.м

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ЕО газ қоймаларындағы қор бес жылдық орташа деңгейден төмен

Еуропаның жерасты газ қоймаларындағы қор 9 тамыздағы газ тәулігінің қорытындысы бойынша 59,12%-ға дейін өсті.

Доллар негізгі валюталарға қатысты тұрақты, нарық статистикалық деректерді күтуде

Сейсенбі күнгі саудада АҚШ долларының еуроға, иенаға және фунт стерлингке шаққандағы бағамы айтарлықтай өзгерген жоқ.

Аустралияның Орталық банкі болжамға сәйкес базалық мөлшерлемені 4,35% деңгейінде сақтады

Австралияның Резервтік банкі (RBA) қатарынан екінші отырысының қорытындысы бойынша негізгі пайыздық мөлшерлемені жылдық 4,35% деңгейінде өзгеріссіз қалдырды.

АҚШ доллары негізгі валюталарға қатысты айтарлықтай өзгерген жоқ

Сейсенбі күні таңертең АҚШ долларының еуроға шаққандағы бағамы тұрақты болды, ал иена мен фунт стерлингке қатысты аздап төмендеді.