Евразия24Басты бетТрамп атындағы Солтүстік теңіз жолы

Трамп атындағы Солтүстік теңіз жолы

|

|

Посткеңестік кезеңде Ресейге Солтүстік теңіз жолының инфрақұрылымын дамыту үшін қаржы үнемі жетіспей келеді. Солтүстік теңіз жолының стратегиялық маңызына қарамастан, оның инфрақұрылымын дамытуға бөлінген қаражаттың мақсатсыз жұмсалу мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Алайда қолдау күтпеген жерден келді. Дональд Трамптың Иранмен соғыс бастауы және Оңтүстік Қытай теңізіндегі шиеленістің күшеюіне түрткі болуы Бейжіңнің Солтүстік теңіз жолына деген қызығушылығын арттырды. Нәтижесінде Sea Legend Shipping компаниясы осы бағыт бойынша апта сайын тұрақты контейнерлік рейс жүргізуді қолға алды. Бұл енді жекелеген сынақ сапарлары емес, ауқымды әрі тұрақты логистикалық тасымал деңгейіне көшуді білдіреді.

Қытайдың Нинбо портынан (әлемдегі ең көп жүк өңдейтін порттардың бірі саналады) Ұлыбританияның Феликстоу портына Солтүстік теңіз жолы арқылы қатынайтын рейс шамамен 20 күнге созылады. Ал Суэц каналы арқылы жүретін бағытқа 40 тәулік қажет.

Тасымалдаушыларды бұған дейін негізінен Ресейдің мұзжарғыш флотының қызметіне шамадан тыс тәуелділік мәселесі алаңдатып келген. Бұл аймақта кеме қатынасын ұйымдастыру күрделі болғанымен, соңғы жылдардағы жаһандық жылыну навигациялық жағдайды біршама жеңілдетті. Жаз мезгілінде Ресей Арктикасында кемелер мұзжарғыштардың сүйемелдеуінсіз де қатынай алады.

Тамыз айында тұрақты рейстерді іске қосқан Sea Legend Shipping компаниясы негізінен Түркия мен Солтүстік Африка порттары бағытындағы тасымалдарға маманданған. Компанияның Солтүстік теңіз жолына жедел бет бұруы ең алдымен геосаяси жағдайға байланысты.

Әдетте Қытайда мұндай жаңа бағытты игеру үшін алдымен Арктикаға маманданған арнайы бөлімше құрылып, одан кейін тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілер еді. Алайда бұл жолы жаңа бағытты игеру жұмыстары қысқа мерзімде әрі жедел қолға алынды.

Бұған қоса, президент Трамп Ормуз және Баб-эль-Мандеб бұғаздарында кеме қатынасын қиындатып қана қоймай, Ресейде қандай жағдай болса да бейбіт келісімге келуді жақтайтын топтардың белсенділігін арттырды. Ресей билігінің жоғары эшелонындағы бұл топ Ақ үйдің 47-ші басшысының қолдауына ие болу үшін Ресей Арктикасын АҚШ-тың ықпал ету аймағына беруге дайын деген пікір бар.

Кремльдің алдағы орта мерзімдегі саяси бағытын болжау қиын болғандықтан, Қытай кеме иелері Солтүстік теңіз жолындағы қызметін жеделдетуге мәжбүр болды. Қытай бұл бағытта өз орнын орнықтырған жағдайда, Мәскеудің Арктика мәселесіндегі геосаяси бағытын өзгерту мүмкіндігі айтарлықтай шектеледі.

2025 жылы мұзды аймақтарда жүзуге арналған 167 кеме жасалды. Бұл – қазіргі кеме жасау тарихындағы абсолютті рекорд. 2026 жылы тағы 164 кемені суға түсіру жоспарланып отыр. Дональд Трамп әскери іс-қимылдар арқылы Оңтүстік Қытай теңізі мен Малакка бұғазы арқылы өтетін көлік бағыттарының жақын арада жабылуы мүмкін екенін нақты көрсетті.

Солтүстік теңіз жолы кеме қатынасына қойылатын талаптары әртүрлі 28 бағытқа бөлінеді. Олардың барлығы «Росатом» тағайындайтын әкімшіліктің басқаруында. Қытайлық тасымалдаушыға Арктика акваториясы арқылы жүруге рұқсатты да «Росатом» берді. Саяси тұрғыдан мұны Ресейдің билеуші элитасындағы Қытаймен жақындасуды қолдайтын күштердің жетістігі ретінде бағалауға болады.

Ресей мен Қытай порттары арасындағы тасымал Солтүстік теңіз жолындағы жалпы жүк ағынының шамамен 15%-ын құрайды. Қытай мен Еуропа арасында тұрақты транзиттік қатынас жолға қойылғаннан кейін тасымал көлемі де арта түседі.

Жүктерді жекелеген рейстермен жөнелтуден тұрақты желілік тасымалға көшу бұл бағыттың экономикалық тиімділігін өзгертеді. Өйткені мұндай жүйе кемелердің жүктемесін алдын ала жоспарлауға және жүктің әрбір бірлігіне шаққандағы тасымал шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Қазақстан үшін Солтүстік теңіз жолы арқылы тұрақты рейстердің іске қосылуы республиканың ең ірі екі көршісі – Ресей мен Қытай арасындағы теңіз қатынасының нығаюын білдіреді. Бұл ретте оңтүстіктегі көлік дәліздерінің бір бөлігі АҚШ пен Иран арасындағы соғысқа, екінші бөлігі Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы қақтығысқа байланысты шектеліп отыр.

Астана ерекше мән беретін Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) жұмысын жалғастыруда. Алайда оның алдағы дамуына ТХКБ-ның оңтүстігіндегі жағдаймен қатар, Арктикадағы көлік қатынасының қалай өрбитіні де ықпал ететін болады.м

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Доллардың еуро мен иенаға шаққандағы бағамы төмендеді

Бейсенбі күні күндіз доллардың еуро мен иенаға шаққандағы бағамы біршама төмендеді. Трейдерлердің назары бұрыңғыдай АҚШ-тағы инфляция көрсеткіштеріне аударылып отыр.

Қазақстан СІМ басшысы ЕО дипломатиясының жетекшісімен КҚК төңірегіндегі жағдайды талқылады

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Еуропалық одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық комиссияның вице-президенті Кая Калласпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан СІМ баспасөз қызметі.

Еуропадағы газ қоры бес жылдық орташа деңгейден төмендеді

11 тамыздағы газ тәулігінің қорытындысы бойынша Еуропадағы жерасты газ қоймаларындағы қор деңгейі 59,32%-ға дейін төмендеді.

«Росатом» «Пакш-2» АЭС жобасы бойынша келіссөзге дайын

«Росатом» «Пакш-2» атом электр станциясының жобасы бойынша келіссөз жүргізуге дайын, алайда Венгрияның жаңа үкіметінен әзірге тиісті өтініш түскен жоқ.