Евразия24UncategorizedҚазақстан СІМ басшысы ЕО дипломатиясының жетекшісімен КҚК төңірегіндегі жағдайды талқылады

Қазақстан СІМ басшысы ЕО дипломатиясының жетекшісімен КҚК төңірегіндегі жағдайды талқылады

|

|

Астана. 13 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Еуропалық одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық комиссияның вице-президенті Кая Калласпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан СІМ баспасөз қызметі.

«Тараптар энергетика саласындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне және энергия ресурстарын жеткізудің халықаралық инфрақұрылымын одан әрі дамыту мүмкіндіктеріне, соның ішінде Каспий құбыр консорциумы (КҚК) аясындағы ынтымақтастыққа назар аударды. Әңгіме барысында тараптар серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екенін растап, ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын кеңейтуге өзара ниетті екенін білдірді», – делінген бейсенбі күні таратылған хабарламада.

Көшербаев пен Каллас сондай-ақ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 23 маусымда Брюссельге сапары барысында қол жеткізілген сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту жөніндегі уағдаластықтарды, ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын және алдағы екіжақты әрі көпжақты кездесулер кестесін талқылады.

Бұған дейін КҚК теңіз терминалының акваториясында танкерлер бірнеше рет ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылына ұшырады. Соның салдарынан консорциум мұнай жөнелтуді уақытша тоқтатып, Қазақстан көмірсутек өндіру көлемін азайтуға мәжбүр болды.

12 тамызда Financial Times дереккөздерге сілтеме жасап, АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің тиісті өтінішінен кейін Украина Новороссийскідегі КҚК терминалын пайдаланатын танкерлерге соққы жасауды тоқтатқанын хабарлады. Америкалық Chevron және ExxonMobil корпорацияларының КҚК-да үлестері бар.

КҚК Қазақстандағы үш ірі кен орны – Теңіз, Қашаған және Қарашығанақтан өндірілетін мұнайды тасымалдайды. 2025 жылы мұнай жөнелту көлемі шамамен 70,5 млн тоннаны құрады. Оның 75%-дан астамы шетелдік жүк жөнелтушілердің үлесіне тиесілі. Олардың ішіндегі ең ірілері – «Теңізшевройл» (Chevron Corp.), ExxonMobil, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, Eni және Shell. 2026 жылы 72 млн тонна мұнай жөнелту жоспарланып отыр.

КҚК Қазақстанның батысындағы және Каспий теңізінің Ресей секторындағы мұнай кен орындарын Қара теңіз жағалауындағы Новороссийск теңіз терминалымен байланыстырады. Бағыттың ұзындығы – 1,5 мың шақырым. Бұл жүйе Қазақстан мұнайын экспорттаудың негізгі бағыты саналады және құбыр арқылы Қазақстаннан тасымалданатын мұнай көлемінің 80%-дан астамы осы бағытқа тиесілі. КҚК Қазақстан аумағынан жылына шамамен 72,5 млн тонна, ал Ресей аумағы арқылы жылына 83 млн тоннаға дейін мұнай тасымалдауға қауқарлы.

Компания акционерлері: Ресей Федерациясы – 31% («Транснефть» басқаруында – 24%, балансында – 7%), Қазақстан – 20,75% («ҚазМұнайГаз» – 19% және Kazakhstan Pipeline Ventures LLC – 1,75%), Chevron Caspian Pipeline Consortium Company – 15%, LUKOIL International GmbH – 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company – 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited – 7,5%, BG Overseas Holding Limited – 2%, Eni International N.A. N.V. – 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC – 1,75%.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Каспийдің тартылу салдарын азайту үшін Каспий маңы елдерін күш біріктіруге шақырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізінің тартылу салдарын азайту үшін Каспий маңы мемлекеттерінің басшыларын күш біріктіруге шақырды.

Тоқаев 2027–2030 жылдарға арналған ТМД-ның ірі индустриялық-технологиялық жобалар топтамасын қалыптастыруды ұсынды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2027–2030 жылдарға арналған ТМД-ның ірі индустриялық-технологиялық жобалар топтамасын қалыптастыруды ұсынды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Азия қор индекстері өсті

Жұма күні Азия-Тынық мұхиты өңірінің қор индекстері негізінен өсті.Оңтүстік Корея нарығы мемлекеттік мерекеге байланысты жұмыс істемеді.

ТМД елдері 2030 жылға дейінгі негізгі міндеттерді белгіледі

ТМД мемлекеттерінің басшылары Авазада өткен саммитте Достастықтың құрылғанына 35 жыл толуына орай бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Бұл туралы жұма күні Түрікменстан Мемлекеттік телерадио хабарларын тарату комитетінің жаңалықтар порталы хабарлады.