Евразия24ЖаңалықтарПутин Ресей мен КХДР қарым-қатынасы бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге жеткенін мәлімдеді

Путин Ресей мен КХДР қарым-қатынасы бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге жеткенін мәлімдеді

|

|

Мәскеу. 15 тамыз. ИНТЕРФАКС – Ресей мен Солтүстік Корея арасындағы қарым-қатынас бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтерілді. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин КХДР Мемлекеттік істер төрағасы Ким Чен Ынды елдің ұлттық мерекесі – Азаттық күнімен құттықтауында мәлімдеді.

«Бұл мереке еліңізді Жапонияның отарлық езгісінен азат ету жолында бірге күрескен корей патриоттары мен Қызыл армия жауынгерлерінің ерлігі мен табандылығының символы саналады. Дәл сол ауыр кезеңде Ресей Федерациясы мен КХДР арасындағы достық әрі тату көршілік қатынастардың дамуына негіз болған жауынгерлік бауырластық пен өзара қолдау дәстүрлері қалыптасты», – делінген Кремль сайтында жарияланған құттықтау мәтінінде.

«Бүгінде Мәскеу мен Пхеньян арасындағы қарым-қатынас жан-жақты стратегиялық әріптестіктің бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейіне жетті. Екі мемлекет барлық бағыт бойынша белсенді ынтымақтастық орнатып, өңірлік қауіпсіздық пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында күш-жігерін үйлестіріп келеді», – деді Ресей басшысы.

Путин екі ел алдағы уақытта да «екіжақты қатынастар мен халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша сындарлы ынтымақтастықты жалғастыратынына» сенім білдірді.

Оның айтуынша, бұл Ресей мен Корея халықтарының игілігіне және әділетті әрі шынайы демократиялық әлемдік тәртіп қалыптастыруға қызмет етеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

Бейсенбі күнгі сауда барысында Батыс Еуропа елдерінің қор индекстері төмендеді.

«Исайас» дауылы Мексика шығанағынан АҚШ-қа қарай жылжып келеді

Мексика шығанағында қалыптасқан «Исайас» дауылы жұма немесе сенбі күні АҚШ жағалауына жетеді. Бұл туралы бейсенбі күні АҚШ-тың Ұлттық дауылдарды бақылау орталығы хабарлады.

ЕО-ның көші-қон саясаты тығырықтан шыға алмай отыр

Еуроодақ елдерінің басшылары көші-қон мәселесін ондаған саммитте талқылағанымен, бұрынғы тәсілдерді қайталап, нақты нәтиже бермеген шешімдерден әлі бас тартқан жоқ. Бұл туралы EUobserver интернет-басылымы хабарлады.

АҚШ доллары негізгі әлемдік валюталарға қатысты нығайып келеді

Бейсенбі күні түстен кейін АҚШ доллары еуроға, фунт стерлингке және иенаға қатысты біршама қымбаттады.