Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан киберқылмысқа қарсы күрес жөніндегі Будапешт конвенциясын ратификациялады

Қазақстан киберқылмысқа қарсы күрес жөніндегі Будапешт конвенциясын ратификациялады

|

|

Астана. 13 қазан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Компьютерлік қылмыстар туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заңға қол қойды. Бұл туралы ресми бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.

2001 жылы қабылданған Еуропа Кеңесінің Компьютерлік қылмыстар туралы конвенциясы, яғни Будапешт конвенциясы – ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы күреске арналған алғашқы халықаралық келісім.

Қазақстанға аталған конвенцияға қосылу туралы ұсыныс 2023 жылғы 19 сәуірде жасалған. Шақыру қабылданған күннен бастап бес жыл бойы күшінде болады.

Конвенцияда мемлекеттердің қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету тәртібі қарастырылған. Атап айтқанда, қылмыс жасады деген күдікке ілінген адамдарды экстрадициялау, ақпарат алмасу және бірлескен тергеу жүргізу тетіктері белгіленген.

Құжаттың басты мақсаты – компьютерлік жүйелер мен желілердің, сондай-ақ электрондық деректердің құпиялылығын, тұтастығын және қолжетімділігін бұзуға бағытталған қылмыстардың алдын алу және олармен күресу. Сонымен қатар компьютерлік жүйелерді, желілер мен деректерді заңсыз пайдалануға тосқауыл қою көзделген.

Осы мақсатта құқық қорғау органдарының киберқылмыстарды анықтау және тергеу мүмкіндіктерін кеңейту, оларға қылмыспен тиімді күресуге қажетті өкілеттіктер беру қарастырылған.

Конвенция компьютерлік қылмыс жасаған адамдарды ел ішінде де, халықаралық деңгейде де қылмыстық жауапқа тартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мемлекеттер арасында жедел әрі сенімді ынтымақтастық орнатудың құқықтық негіздерін айқындайды.

Қабылданған заң киберқылмысқа қарсы күрестің тиімділігін арттыруға, шет мемлекеттермен электрондық дәлелдемелер мен ақпаратты жедел алмасуға құқықтық негіз қалыптастырады. Бұдан бөлек, Қазақстанның ұлттық заңнамасы мен құқық қолдану тәжірибесін халықаралық талаптарға сәйкестендіруге бағытталған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Квебектегі сайлауда жеңіске жеткен сепаратистер провинцияның дербестігін барынша кеңейтуге ұмтылады – РҒА сарапшысы

Канаданың Квебек провинциясында өткен сайлауда жеңіске жеткен Квебек партиясы елден тәуелсіздік алу идеясынан бас тартпайды. Алайда іс жүзінде Канададан бөлініп шығу үдерісін жеделдетуге асықпайды.

АҚШ Украинаға барлау деректерін беруді тоқтатамыз деп қоқан-лоқы жасамаған, алайда Трамп Киев билігіне қатты наразы болған

Өткен жұмада Майамиде өткен келіссөздерде АҚШ өкілдері Украинаға барлау мәліметтерін беруді тоқтататынын ескертпеген.

АҚШ пен Еуропаның Украинадағы қақтығысты реттеу жөніндегі ұсынысында Ресей, Украина және Еуропа арасындағы энергетикалық келісім қарастырылған

АҚШ пен Еуропа Украинадағы қақтығысты реттеу жоспарын әзірлеп жатыр. Онда Ресей, Украина және Еуропа арасындағы энергетикалық ынтымақтастықты жолға қою, сондай-ақ тараптардың қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді шешу қарастырылған. Бұл туралы The Washington Post (WP) басылымы дереккөздеріне сүйеніп хабарлады.

Exclusive.kz және еркін ойдың шегі

 Қазақстанда бір қызметті ең ұзақ атқарған адамды іздесек, бұрынғы Елбасынан бұрын Exclusive.kz басылымының негізін қалаушы әрі бас редакторы еске түсетін шығар. Exclusive.kz құрылған күнінен бері либералдық бағытынан айныған емес. Либерализмнің астарында не жатқанын бәріміз де жақсы білеміз.